ШҰҒЫЛ! СЕНАТ СПИКЕРІНІҢ РЕСМИ САПАРЫ Толығырақ

«МЕН – ҚАН ДОНОРЫМЫН» ЖОБАСЫ

18:14, 7 қазан 2019

Облыста қан донорларының саны артып келеді. Тек биыл қан орталығына мыңнан астам адам алғаш рет қан тапсырған. Тайынша ауданының география және биология пәнінің мұғалімі Жанат Есенгелдинов оқушысымен бірге  донорлықты насихаттайтын жоба бойынша жұмыс істеп жатыр.   «Мен қан донорымын» атты жобаға қажетті  материалдар жинау барысында олар облыстық қан орталығының жұмысымен танысып, қызықты мәліметтер алды.  

Жанат Есенгелдинов - география және биология пәнінің мұғалімі. Негізгі жұмысынан бөлек, ол ғылыми-зерттеумен айналысады. Жанат Еслямұлы оқушысын да ғылыми жұмыстарға баулып жүр. Осы мақсатта олар Петропавлдағы қан орталығында болды.  

ЖАНАТ ЕСЕНГЕЛДИНОВ, МҰҒАЛІМ,  «МЕН – ҚАН ДОНОРЫМЫН» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Біз донор қанын зерттейтін боламыз. Жалпы, осы жобаның арқасында, жастарды донорлыққа шақырғымыз келеді. Бұл жұмыстың өзектілігі сол, оқушылар бұған дейін мұндай зерттеумен айналыспаған.

Жанат Еслямұлы тұрақты түрде қан тапсырады. Ал, оның оқушысы Владислав Дермановский әлі 18 жасқа толған жоқ. Сондықтан, оған донор болу әлі ертерек. Бірақ, талапшыл бала осындай жобаға  керекті мағлұмат алуға, сондай-ақ, тәжірибе жинақтау үшін келген.

ВЛАДИСЛАВ ДЕРМАНОВСКИЙ, ОҚУШЫ:

- Бұл жоба мені бірден қызықтырды. Келешекте донор болып, адамдарды құтқарғым келеді. Біз Тайынша ауданының ауруханасында болдық. Дәрігермен сұхбаттастық. Қан тапсыру үрдісін зерттедік.

Облыстық қан орталығының базасында Тайынша ауданынан мыңға жуық адам бар. Биыл оның 25-і донор болды. Жалпы, жыл басынан төрт мыңнан астам адам қан тапсырып, сауапты іс жасапты.

ДИНАРА ҚАЛУОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫ БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ М.А.:

- Күн сайын, тіпті сағат сайын адамдарға донорлық қан қажет. Аталмыш жоба өте маңызды. Біз, оның арқасында барлық тұрғындарды қан тапсыруға шақырамыз. Бүгінгі күні өз еркімен қан тапсырамын дейін адамдардың саны 96 процентке жеткен. Бұл- жақсы көрсеткіш. 

Облыста донорлар саны артып келеді. Биыл, алғаш рет мыңға жуық адам облыстық қан орталығында болып, қан тапсырыпты. Бірақ,  қан тапшылығы проблемасы әлі де өзекті болып отыр.

Наталья АИТОВА

Тақырып бойынша материалдар

СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ АРТҚАН
17:55, 22 қазан 2019
СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ АРТҚАН
Толығырақ...
МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
18:05, 15 қазан 2019
МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар