ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ, МЕРЕЙЛІ НАУРЫЗ! Толығырақ

МИ ІСІГІНЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

14:31, 8 қараша 2018

Елордалық дәрігерлер Форум аясында медицинаның түрлі саласында жұмыс істейтін жергілікті ақ халатты жандарға арнап шеберлік сағаттарын өткізуде. Бүгін ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының дәрігер-нейрохирургі Азат Шпеков петропавлдық мамандармен бірге алғаш рет ми ісігіне күрделі ота жасады. Толығырақ тілші бейнематериалында.

Операция үстелінде жатқан ерадамның жасы 57-де. Осыған дейін оған инсульт деген диагноз қойылған еді. Алайда кейін дәрігерлер заманауи технологялардың көмегімен оның бас миында үлкен ісік бар екенін анықтаған. Отаға дейін оның мөлшері 6 см-ге дейін жеткен. Астанадан келген білікті маман Азат Шпековтың ауыр сырқатқа шалдыққан қазақстандықтардың өміріне араша түсіп жүргеніне 12 жыл. Дәрігер біздің өңірімізге келіп солтүстікқазақстандық мамандармен өзінің тәжіребиесімен бөлісіп, науқасқа жоғары деңгейде ота жасады.

АЗАТ ШПЕКОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ  НЕЙРОХИРУРГ-ДӘРІГЕРІ:

- Ондай жағдай сирек кездеседі. Ісіктің көлемі 6 смден жоғары. Алып немесе гигантская деп аталады. Алда көп қиыншылықтар күтуде. Себебі көп қан кетеді. Операциялық бөлмелер жақсы. Барлық қажет құрылғылар бар.

Облысымызда мұндай ауыр оталар жасалмайтындықтан науқастар Астана қаласындағы нейрохирургия орталығына баруға мәжбүр. Дәл мұндай ауыр операция біздің өңірде тұңғыш рет жасалып жатқанын да айта кеткен жөн. Руслан Кремневтың айтуынша бұл шеберлік сағаты болашақта өзіміздің дәрігерлерге де осындай  қиын отаны жасауға мүмкіндік береді.

РУСЛАН КРЕМНЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ НЕЙРОХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Емделуші бізге тұңғыш рет шағымданып келген кезінде томографиядан өткен соң оның миында үлкен ісік бар екендігі анықталды. Сол себепті ісікті жою бойынша Астана қаласының мамандары және біздің дәрігерлердің бірлесуімен ота жасалуда.  Мұндай ота бізде бірінші рет өткізілуде. Болашақта осы оталарды өзіміз де жасаймыз деп үміттенеміз. Осы жылы біз ота жасауға арналған микроскоп сатып алдық. Ол сәтті операция жасауда жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ота сегіз сағатқа жалғасты. Адам өмірін сақтап қалу басты мақсат болғандықтан дәрігерлерде әр қимылдарына сақ. Үлкен төзімділік пен сабырлықты талап ететін отаны білікті мамандар жасайтындықтан 57 жасар жерлесіміз тез арада аяғына тұрып кетеді деп сенеміз.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕККЕ УАҚЫТША ЖАРАМСЫЗДЫҚ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ БЕРІЛЕДІ
19:00, 15 наурыз 2019
ЕҢБЕККЕ УАҚЫТША ЖАРАМСЫЗДЫҚ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
20:59, 19 наурыз 2019
МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
Толығырақ...
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
14:27, 19 наурыз 2019
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...