ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАЙЫНША АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ Толығырақ

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?

18:05, 15 қазан 2019

Жаңа жылдан бастап қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы емделе алады. Бұл жаңалықт барлығы білгенімен, мәні мен мазмұнын ұға бермейді. Қазіргі таңда аталмыш жаңашылдық жайында мамандар толыққанды ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде. Медициналық сақтандыру арқылы кімдер тегін емделе алады? арна тілшісі толықтырады.

Ендігі сұрақ мәндетті әлеуметтік медицналық сақтандыруды кімдер алады?елімізіде 18 млн тұрғын бар десек, оның 10 млнын көпбалалы аналар, оқушылар мен студенттер, мүгедектер, атаулы әлеуметтік көмек алатын жандар және осы сында азаматтар. Олардың барлығына медициналық сақтандыру қорына жарнаны мемлекет төлейді. Ал жұмыс істейтіндерге жұмыс беруші аударып отырады. Ал алғашқы медициналық жәрдем, учаскелік дәрігерге көріну сынды қызметтер тегін болады. Бұл кепілдік емдеу қызметі аясында жасалынады.

ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Бірінші кезекте ақша   жеткіліксіз көлемде қаржыландырылатын қажетті бағыттарға жұмсалады. Бұл клиникалық-диагностикалық көмек, сала мамандардың кеңесі және емделу,  компьютерлік томография, зертханалық қызметтер, биохимия және т. б. Қымбат медициналық қызметтерді  алу.

Сонымен міндетті медициналық сақтандыру –ол алдымен сапалы, тегін дәрігерлік көмек алу. Екіншіден әр азаматтың электрондық денсаулық паспорты болады. Жеке куәлігіңіз арқлы медициналық жәрдем көрсетіледі. Әрі бұрынғыдай амбулаторлық карточканы алып жүру міндетті емес. Электронды база құрылады. Қымбат диагностикалық қызметтер қолжетімді болдаы. Кейбір жеке медициналық орталықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейді. Қазірдің өзінде Петропавлда екі жеке кабинет медициналық сақтандыру арқылы магнитті резонансті томографияны тегін істейді.

ОЛЬГА ШЕРСТЮК, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ОРТАЛЫҒЫ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- Электрондық денсаулық паспорты көмегімен дәрігерлерге Қазақстанның кез келген жерінде  пациент, оның анамнезі, созылмалы аурулары, аллергия туралы ақпаратты ала алады.  Пациенттер де барлық  ақпаратқа қол жеткізеді. Қазір ұялы қосымшалардан дәрігерге жазылу немесе дәрігерді үйге шақыру мүмкіндігі бар.

Облыстың  жаңа жүйеге дайындығына келсек,  ол алдымен кадр мәселесі. жыл басынан облысқа 95 маман келген. Сондықтан бұ орайда тапшылық болмауы тиіс.Қалалық және аудандық аурухана мен емханалар компьютерлермен 100 пайыз жабдықталған.Шалғайдағы елді мекендерде цифрландыру 50пайызды құрайды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасын табуда.

Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
13:04, 22 мамыр 2020
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
13:04, 22 мамыр 2020
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...