ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

МОБИЛЬДІ БРИГАДАЛАРДЫ ШАҚЫРТУ АЗАЙДЫ

17:21, 29 шілде 2020

1 шілдеден бастап өңірдің емханаларында арнайы мониторингтік топ пен мобильді бригадалар құрылды. Бұл бүгінгі эпидемиологиялық жағдайда жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің артуымен байланысты. Олардың жұмысы жайлы келесі бейнематериалда.

Жалпы тәжірибелік дәрігер Денис Бресь – жас маман. Қалалық  бірінші емханада жұмыс істеп жатқанына енді бір жыл болады. Іске енді кіріскен жас жігітке бүгінгі жағдай – ауыр сынақ. Ол сәуір айыннан бері қауіпті ауруды жұқтырғандарға көмек көсетіп келеді. Денис - №1 қалалық емханадағы 10 мобильдік топтың бірінің дәрігері.

ДЕНИС БРЕСЬ, №1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІГЕРІ:

Шілденің 13 күні, 130дан аса азамат біздің көмегімізге жүгініп, соның 20сын мен қабылдадым. Ең ауыр кезең, осы болды. Бүгінде , бұл көрсеткіш әлдеқайда азайды. Мәселен, кеше біздің емхананың бригадасы тек 40қа жуық адамды қабылдап, ем-дом шараларын жасады. Менің ойымша, бастапқыда адамдар дүрлігіп, не істеу керек екенін білмеді. Дене қызуының көтерілгеніне бір күн ғана болса да, жедел жәрдем шақыртатын еді. Мұндай жағдайда, ЖРВИ-дің белгілері көбіне болмайтын. Қазір адамдар, 3-4 күн өзін-өзі бақылып, жағдай өзгермеген бетте, бізге хабарласады.

Мобильді бригаданың жұмысы таңғы сегізден басталып соңғы шақыртуға дейін жалғасады. Мониторингтік жасақ, жедел жәрдемге келіп түскен шақыртуларды, саралап қана қоймай, емделушілерге  күніне екі рет хабарласып, хал жағдайын біліп, қажет жағдайда мобильдік топ арқылы тиісті дәрігерді жібереді.  Сондай-ақ, мобильді бригадалар жүріп-тұруы үшін әкімдік көліктер де бекітті.

ӘЛИЯ ТАШЕТОВА, №3 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕР:

Мобильді бригаданың құрамында дәрігерлер бар, фердшельдер бар. Олар қорғайтын киімдерін киіп шығып, үйлерге барып, жаңағы түскен шақыруларды жедел ОРВИмен пневмониямен және коронавиуспен амбулаторлық түрде бақылауға алған ауруларды үйге барып қарайды. //2,43/үйде стационар бекіту.

Жалпы қала бойынша мобильді бригаданың саны 36. Олардың 23-і фельдшерлік, 13-і дәрігерлік. ал арнайы мониторингтік топ облыстың барлық емханаларында бар.   

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДЫҚ АУРУХАНАҒА ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ
20:40, 6 тамыз 2020
АУДАНДЫҚ АУРУХАНАҒА ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ СЫЙҒА ТА...
Толығырақ...
7 ДӘРІХАНАДА БАҒАНЫ ӨСІРУ ФАКТІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
17:15, 6 тамыз 2020
7 ДӘРІХАНАДА БАҒАНЫ ӨСІРУ ФАКТІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...