ШҰҒЫЛ! ҚР МЕМЛЕКЕТТIК АКАДЕМИЯЛЫҚ БИ ТЕАТРЫ ПЕТРОПАВЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ Толығырақ

МОБИЛЬДІ ЕМХАНА

18:01, 13 қыркүйек 2018

Петропавлда емхана пациенттері арасында "Мобильді емхана" жобасы кеңінен қолданылуда. Әсіресе дәрігердің қабылдауына жазылу үшін тұрғындар колл-орталыққа хабарласуды әдетке айналдырған. Қала емханаларының аталмыш орталықтарына шамамен 200 қоңырау келіп түседі екен.

Сандық технологиялар заманында медицина саласы да бір орында тұрмайды. Бұрындары қалалықтар таң сәріден тұрып, дәрігердің қабылдауына барып жазылатын. Енді петропавлдықтарға колл-орталыққа қоңырау шалу жеткілікті.

НИНА ЗЕЛЕНСКАЯ, «ДЕНСАУЛЫҚ» ЖЕКЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС МЕКЕМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ-ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Біздің мекемемізде тіркелген азаматтар 625-444 телефонына хабарласып, өз сұрақтарын қоя алады. Дәрі не болмаса маманға жазылу сынды сауалдарды жолдап, тиісті көмек ала алады.

Күніне колл-орталыққа 200-ге жуық қоңырау түседі.

ВАЛЕНТИНА МАРКУЦА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Дәрігерге жазылу үшін колл-орталыққа қоңырау шаламын. Кейін маған маман қай уақытта қашан келу керектігін айтады. Өте ыңғайлы әрі көп уақытты талап етпейді. Ең бастысы кезекте тұрмайсын.

«Денсаулық» мекемесінде автоматтандырылған кешенді жүйе де жұмыс істеп келеді. Оның көмегімен дәрігерге жазылғандар арнайы базаға енгізіледі. Ол мобильді қосымша арқылы да қолданылады. 

АСХАТ УӘЛИЕВ, «ДЕНСАУЛЫҚ» ЖЕКЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҮЙЕ ӘКІМШІСІ:

- "Даму" медқосымшасын "Плей-маркет" және "Апп-стордан" жүктеп алуға болады. Кейін біздің емхананы таңдап тіркеле аласыз. Дәрігердің қабылдауына онлайн жазылып, анализдердің қорытындысын ғаламтор арқылы біле аласыз.

Тіпті, "Даму" медқосымшасына тіркелмей, ИИН арқылы өз емханаңыздың көмегіне жүгіне аласыз. Ыңғайлы әрі жылдам интерфейс - ең бастысы смартфоныңызға тегін жүктеуге болады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, емхана, мобильді функция

Тақырып бойынша материалдар

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ 51 МЫҢ АДАМ ӨЗ ДӘРЕЖЕЛЕРІН АНЫҚТАМАҒАН
21:45, 14 қыркүйек 2018
МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ 51 МЫҢ АДАМ ӨЗ ДӘРЕЖЕЛЕРІН А...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СПОРТТЫ СҮЙЕТІН  БАНК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
22:12, 17 қыркүйек 2018
СПОРТТЫ СҮЙЕТІН БАНК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
Толығырақ...