ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

ОБЛЫСҚА 8 ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН ӘКЕЛІНДІ

17:15, 28 қазан 2020

Облысқа заманауи жарақтандырылған 8 медициналық кешен әкелінді. Енді бұл жылжымалы ауруханалар шалғай орналасқан елді мекендерге жіберіледі. Яғни, ауыл тұрғындарының денсаулықтарын тексеруге мүмкіндік бар. Бұл көліктің біреуі 150 млн теңге тұрады. Көшпелі диагностикалық кешендерді облыс әкімі Қ.Ақсақалов көрді

ЖАНСАЯ ҚАЙЫПОВА, ТІЛШІ:

- Енді елді мекен тұрғындарына аудан орталықтарына барудың қажеті жоқ. Себебі мына көшпелі аурухана ауыл-ауылдарды аралап, скрининг жасайтын болады. Бұл жерде арнайы 7 кабинет бар. Дәрігерлер науқастарды тексеріп, анализ қабылдайды. Және флюороография мен рентген аппаратарыда орнатылған.

Сонымен қатар, УЗИ, ЭКГ,акушер-гинеколог кабинеті мен дәріхана пункті де бар.Бұл медициналық кешендер Ақайын, Жамбыл, Тимирязев пен Шал ақын, Ақжар, Уәлиханов, Ғ.Мүсірепов және М.Жұмабаев аудандарына жіберіледі.  

НҰРЛАН АЙМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:

- Бұл медициналық кешен барлық алыс ауылдарды аралайтын болады. Сол үшін кесте құрып, елді мекен тұрғындарына алдын-ала хабар береді. Ауруханаларда жұмыс істеп жүрген білікті дәрігерлер осы кешенде науқастарды қабылдайды. Бұл ауыл тұрғындарына едәуір көмек болмақ.

Бұл жылжымалы ауруханаларда мүмкіндігі шектеулі жандарға да арнайы пандустар орнатылған. Кешенде еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін келіп, тексерістен өте алады. Және барлық қызмет түрі тегін көрсетіледі. Ақжар ауданында ең алыс ауыл 120шақырымды құрайды екен. Әсіресе қыста тұрғындарға аудан орталығына тексерілуге келіп-кету қиын.

Бір күн кәдімгідей тұрмау керек бұл автобустар. Ең шалғай ауылдарға жылына қанша рет барасыздар?

- Жылына 3-4 рет.

- Енді балалардан бастап үлкендерге дейін бүкіл зертханасымен зерттеу жасайсыздар. Едәуір көмек болады.

Облыс әкімі Қ.Ақсақаловтың айтуынша, бұл кешен ковид-19 індетінің 2 ші толқыны бола қалса, ауыл тұрғындарының өкпесін дер кезде тексеруге үлкен көмек болмақ.Және басқа өңірлермен салыстырғанда біздің облыс қана бұл жылжымалы аурухананы көп мөлшерде сатып алған.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біз не үшін алып отырмыз. Біріншіден, шалғай ауылдарда тұрып жатқан тұрғындар сапалы медициналық көмек алу үшін. Олар аудан орталығына немесе қалаға барады. Ол біраз шығын. Сондықтан шалғай ауыл тұрғындары үшін жұмыс істейтін болады. Жылына 1-2 рет соларға баратын болады.

Өңір басшысының сөзінше,  облыс коронавирус індетінің 2-ші толқынына дайындалуда. Келесі аптада 200 орынға шақталған жаңа инфекциялық аурухана мен 5 оттегі станциясы  ашылады. Дәрі-дәрмек қорыда 2 айға жетерлік  мөлшерде. Қазіргі уақытта 232  өкпені жасанды желдету аппараты бар. Жыл соңына дейін тағы 100 құрылғы әкелінбек. 362 оттегі концентраты да бар.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

КЕЛЕР ЖЫЛЫ МҮГЕДЕКТЕР ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТАЛ АШЫЛАДЫ
20:44, 23 қараша 2020
КЕЛЕР ЖЫЛЫ МҮГЕДЕКТЕР ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТАЛ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 96 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
17:15, 23 қараша 2020
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 96 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...