ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

ОБЛЫСТА 1 АДАМ КОРОНАВИРУС ІНДЕТІНЕН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

20:34, 6 сәуір 2020

Облысымызда коронавирус індетін жұқтырған 1 адам жазылып шықты. Ал қалған 24 науқастың  жағдайы бір қалыпты. Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев өңірлік коммуникациялар орталығында хабарлады.Бұдан бөлек, бүгінгі күні 230 адам карантиндік станционарда жатыр. Қуантарлығы, араларында  жағдайы ауырлар жоқ.  

Бүгінгі күні елімізде әлемді шарпыған індет жұқтырғандар саны 600-ден асып түсті. Олардың 25-і облысымызда тіркелді. Жалпы өңірде 1219 адам індет жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғаны анықталып отыр.  Олардың 500ге жуығы жақын, ал 700ден астамы потенциалды қатынаста болған.

ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ең алғашқы дерек Омбыдан оқудан келген бойжеткеннен анықталған болатын. Бүгін үйіне жіберілді. Талдама нәтижесі коронавирус індетімен ауырмайтындығын көрсетті. Жалпы қазіргі уақытта министрлікте потенциалды қатынаста болған адамдарды үй карантинінде ұстау мәселесі қаралып жатыр.Алдағы уақытта қандай да бір өзгерістер болуы мүмкін.

Айта кетейік,  3 сәуірден бастап облыс орталығында карантин режимі бекітілді.  Осыған сай, жеке меншік және мемлекеттік емханалар мен оның қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істеуге көшкен. Ал емханадан дәрі алатын тұрғындарға дәрі-дәрмекті қазіргі уақытта участкелік мейірбикелер мен волонтерлер   үйлеріне жеткізіп беруде.

ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Зейнеткерлер мен емханалардан дәрі алатын тұрғындарға қажетті ем-домдарын үйлеріне  алып барып береміз. Бұл мақсатта, қалалық әкімдіктен арнайы көліктер де бөлінді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта тұрғындарға  дәрігерлердің қашықтықтан кеңес беру мәселесін қарастырып жатырмыз. Егер бұл мәселе шешілсе, міндетті түрде тұрғындарға ескертетін боламыз.

Жалпы облыс бойынша карантинде 230 адам жатыр. Олардың 33-і медицина саласының қызметкері. Ал  үй карантинінде 1137 тұрғын болса, олардың 80-і ақ халаттылар.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ТАҒЫ 2 АДАМ ТІРКЕЛДІ
17:15, 28 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ТАҒЫ 2 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар