ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ОБЛЫСТА 122 АДАМ КАРАНТИНДІК СТАЦИОНАРДА ЖАТЫР

20:36, 26 наурыз 2020

Коронавирус жұқтырған Петропавл тұрғынынан алынған қан сынамасы Алматыдағы референц-зертханаға жіберілді. Қазіргі уақытта,  қауіпті індетті жұқтырған келіншек тұратын үйдің 1 подъезі оқшауланып, жақын байланыста болған 12 тұрғын вирустың бар-жоғына тест тапсырды. Олардан инфекция анықталмады. Айта кету керек, облыста қазір 122 адам арнайы карантиндік стационарда мамандардың жіті бақылауында жатыр. Бұл туралы өңірлік коммунакациялар қызметінде айтылды.

Естеріңізге сала кетсек, наурыздың 24-і күні 27 жастағы келіншекте COVID-19 вирусы анықталды. Петропавлға қала тұрғыны Омбыдан транзиттік поезбен оқудан келген екен. Бүгінде қосымша зерттеулер жүргізу үшін азаматшаның қан сынамасы Алматыға жіберілді.

ТАТЬЯНА ГОРЛОВА, СҚО ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Келіншекте COVID-19 вирусы анықталғаннан арнайы зерттеуге дейін бұл фактіні тіркеп отырмыз. Біз коронавирусты жұқтырған келіншектің қан сынамасын Алматыдағы референц-лабораторияға жібердік. Онда індеттің бар-жоқтығы нақты анықталып, аурудың дәрежесі белгілі болады. Міндетті түрде толыққанды ақпаратты зерттеулерден соң хабарлаймыз.

Қазіргі уақытта, коронавирусты жұқтырған тұрғынмен жақын байланыста болған 80 адам оқшауланып, стационарға жатқызылды.

НҰРЛАН АЙМАНОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінде карантиндік стационарда 200-ден астам адам тексерілді. Әзірге, онда 122 азамат жатыр. Барлығы тесттен өтті, вирус анықталмады. Сондай-ақ, 96 адам үйде карантинде отыр.

Облыс орталығында коронавирустың алдын-алу мақсатында 27 ірі сауда орталығының жұмыс істеу кестесі өзгертілді. Енді олар сағат 10-нан кешкі 6-ға дейін  ашық. Сондай-ақ, Петропавлдағы барлық ойын-сауық орындары жұмыстарын тоқтатты. Төтенше жағдайда жұмыс істеу тәртібімен дәмхана-мейрамхана иелері таныстырылды. Алайда, сақтық ережелерін елемегендер де бар.     

АСҚАР ХАБИБУЛИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Наурыздың 22-нен бастап, төтенше жағдай кезіндегі талаптарды орындау барысын тексеру мақсатында рейдттер өткізілді. Нәтижесінде 12 кәсіпкер қамауға алынды. Тұрғындарға айтарымыз, қалада азық түлік қоры жеткілікті. Алаңдауға еш негіз жоқ.

Бүгінде Петропавлда көпқабатты үйлерде пәтер иелері кооперативтерімен диззенфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Брифингте сөз алған облыстық «Ұлттық экпертиза орталығы» басшысы Петр Петушковтың айтуынша, өңіріміздің аудандарында да коронавирусты анықтау үшін арнайы бригадалар жасақталған. 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ТАҒЫ 2 АДАМ ТІРКЕЛДІ
17:15, 28 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ТАҒЫ 2 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЕКІ ЕСЕ АРТАДЫ
20:38, 28 мамыр 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЕКІ ЕСЕ АРТАДЫ
Толығырақ...