ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА 701 АДАМДА ВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

17:15, 25 маусым 2020

Бүгінгі таңда облыста 701 адамда коронавирус  инфекциясы анықталып отыр. Оның 40 пайызы немесе 287 өңір тұрғынында ауру белгілері бар, ал 424 адамда ауру белгісі жоқ.  Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Серікбай Қасмақасов пен қала әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин мәлім етті. Вирус жұқтырудың артуына байланысты 27-28 маусым күндері сауда-саттық және бизнес орталықтары, қоғамдық көлік  өз  жұмысын уақытша тоқтатуға міндетті.

ТОй. Құдалық. Бата. Той. Елде орнаған жағдайды елемей, жауапкершіліксіз той –томалақ, қонақ шақыруларын тыймай жүрген тұрғындардың кесірінен  облыстағы эпидемиологиялық жағдай күннен күнге нашарлап барады. Салдарынан бүгінгі таңда Айыртау, Ақжар, Ғ.Мүсірепов, Тайынша Уәлиханов аудандары және Шал ақын ауданындағы Жаңажол мен М.Жұмаблаев ауданындағы Таман ауылдарына блок бекеттер қойылып, карантинге жабылды. Ал облыс орталығында 27 және 28 маусым демалыс күндері шектеу шараларын уақытша күшейту шарасы енгізіліп отыр. 

СЕРІКБАЙ ҚАСМАҚАСОВ, СҚО ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНIҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Облыс бойынша да, елді мекендер ішінде де, жаяу және жеке көлікте жүруді шектеу қажет. Кәсіпкерлік субъектілері мен объектілерінің, оның ішінде: сауда -ойын сауық орталықтары,   супермаркеттер, гипермаркеттердің жұмысы 27-28 маусым күндері уақытша тоқтатылады. Ал, үйдің маңында орналасқан азық-түлік дүкендері кешкі 20:00 дейін бұрынғы режимде жұмыс істейтін болады

Сондай-ақ, жұмысын уақытша тоқтататын объектілер қатарына бизнес-орталықтары, автомобиль, киім-кешек базарлары, сұлулық салондары, шаштараздар, қызмет көрсету саласына кіретін басқа да ұқсас объектілері, жағажайлар,  қосымша білім беру орталықтары, спорттық және мәдениет нысандары енеді. ПИК көпқабатты үйлердегі аулалар мен балалар және спорт алаңдарына, үйлердің кіреберістеріне дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу қажет екендігін, облыстың бас санитар дәрігері атап өтті.

АСҚАР ХАБИБУЛИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Елде, облыста ТЖ режимі басталғаннан бері тиісті мамандар рейдтік іс шараларды қолға алынды. 20-21 маусым, демалыс күндердің өзінде ғана 100-ден аса объекті тексерілді. Соның барысында 16 кәсіпорын мен 16 кәсіп иесіне материал жиналды. Қаладағы 4 мейрамхана өз жұмысын жалғастырып келгені анықталды. Қалған 12 кәсіпорынға санитарлық ережелерді сақтамағаны үшін қажетті құжаттар толтырылып, іс сотқа жіберілді.

Мұндай тексеріс жұмыстары барысында, сұлулық салоны, дүкен және бір  қоғамдық тамақтану орнына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынып және 1 ай уақыт аралығында жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданған. Сондықтан мамандар, біз бен сіздің денсаулығымыз үшін  сақтық шараларын мүлтіксіз орындауға шақырады.

Жанбота 

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ 1300 ДӘРІГЕР, 1700 МЕДБИКЕ ЖЕТІСПЕЙДІ
20:35, 9 шілде 2020
КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ 1300 ДӘРІГЕР, 1700 МЕДБИКЕ ЖЕТІСПЕЙДІ
Толығырақ...
ЭПИДАХУАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:32, 9 шілде 2020
ЭПИДАХУАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР
17:15, 9 шілде 2020
КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
17:18, 8 шілде 2020
АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
Толығырақ...