ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ОБЛЫСТА COVID-19 ВИРУСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАР АРТЫП КЕЛЕДІ

20:35, 3 сәуір 2020

Соңғы тәуліктің ішінде 18 жерлесімізде COVID-19 вирусы анықталды. Өңірлік коммунакациялар қызметінде ӨТКЕН БРИФИНГТЕ мамандар Петропавл тұрғындарын сақтық шараларың ұстануға шақырып, науқастанғандардың қазіргі хал-жағдайымен бөлісті.

Сәуірдің 3-і күндізгі сағат 16:00 жағдай бойынша өңірде тіркелген 18 жағдайдың 12-і Петропавл қаласына тиесілі. Тайынша ауданында 4 және Қызылжар ауданында 2 адам тұрған. Сырқаттанғандардың 2-і бала. Қазіргі кезде барлығының да жағдайы тұрақты. Олар карантиндік стационарға орналастырылды. Сырқаттармен қарым-қатынаста болғандар бақылауға алынды.

ТАТЬЯНА  ГОРЛОВА, СҚО ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН  ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Науқастанғандардың жас ерекшеліктері әртүрлі. Яғни 5 жасар баладан, егде жастағы адамдарға дейін бар. Өкінішке орай көбі жұмыс барысында қауіпті вирусты жұқтырған болып шықты. Мәселен, 2-і мемелекеттік қызметші болса, енді 1-і темір жолда поездардың техникалық жағдайын тексеретін маман. Және де осы қатарға өкінішке орай медицина қызметкерлері де кіріп отыр.

Қазіргі кезде өңірде вирустың 10 ошағы анықталды. Барлығында да дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, адамдар карантинге орналастырылды. Санитарлық дәрігер Татьяна  Горлова өңір тұрғындарын,  вирустың әрі қарай таралуына жол бермеу мақсатында үйден шықпауларын және сақтық шараларды ұстануды өтінді.

ТАТЬЯНА  ГОРЛОВА, СҚО ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН  ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз өз тарапымыздан барлық тұрғындарды сақтық шараларың ұстануға шақырамыз. Қалада енгізілген тәртіпке бағынып, билік өкілдері айтқан нәрсені міндетті түрде орындаңыздар. Кішкентай балалармен 65 жастан асқан адамдар үшін бұл вирус өте қауіпті.

Мамандардың сөзінше солтүстікқазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін барлық аудан орталықтары карантинге жабылмақ.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ТАҒЫ 20 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ
20:32, 27 қараша 2020
ОБЛЫСҚА ТАҒЫ 20 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
ЕМХАНАЛАРҒА ТІРКЕЛУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛДЫ
17:20, 27 қараша 2020
ЕМХАНАЛАРҒА ТІРКЕЛУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 117 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 27 қараша 2020
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 117 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 112 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
17:21, 25 қараша 2020
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 112 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...