ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ

17:52, 22 тамыз 2019

Медициналық қызметтің сапасын жақсарту бағытында денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер БАР. Облыс әкімдігі медициналық қондырғыларға 4 млрд теңге бөлді. Бұл сома былтырғыдан үш есе  көп.  Әсіресе,  облыстық ауруханалар көпфункционалды қондырғылармен жарақталуда. Мұның бәрі сырқаттың ауруын ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді. 

Қазіргі таңда өңірде обыр дертіне қарсы күрес шаралары белсенді түрде атқарылуда. Ресми мәліметке сүйенсек, 9000 солтүстікқазақстандықтың ағзасында қатерлі ісік бар. Әсіресе, сүт безінің қатерлі ісігін ерте сатысында анықтауға ерекше мән берілуде. Биыл жаңа цифрлық маммографтың көмегімен мыңға жуық қыз-келіншектен қатерлі ісіктің белгілері табылды. Бұл аппарат жоғары дәлдікпен дерттің орнын көрсетіп береді. Цифрлық маммограф бюджет қаражатына алынған. Оған 140 млн теңге жұмсалды. 

Мына компьютерлік томография да жақында пайда болды. Облыстық ауруханада орналасқан аппарат адамның басын, асқазанын, буындарын, бір сөзбен айтқанда, іш құрылысын суретке түсіріп, ақауды бірден анықтап береді. Дәрігерлердің айтуынша, дәлдігі жоғары, нәтижені аз ғана уақытта көрсетеді. 

ИВАН ЛЕЙМАН, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Бұл құрылғының мүмкіндігі зор. Бірнеше зерттеу жұмысын қатар атқарады. Мұнда серверлік типтегі станциясы бар. Бұл үш дәрігерге бір уақытта бір пациентке зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыстарды қашықтықтан атқаруға да болады. Қондырғы интернетсіз жұмыс істей береді.

Облыстық ауруханадағы магниттік-резонанстық томограф (МРТ) әбден ескірген. Жиі сына береді. Құмар Ақсақалов жыл соңына дейін жаңасын сатып алып береміз деп уәде етті. Және облысымызда замануи ангиограф пайда болады. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Былтырғыдан үш есе көп қаражат бөлінді. Ескі томографты Тайынша аудандық ауруханасына жібердік. Бұдан былай Айыртау, Ақжар, Уәлиханов аудандарының тұрғындары емделуге сол жаққа бара алады. 

Биыл өңір аудандарына  медициналық мақсатта 66 көлік алынады. Осы күні 20-сы жеткізілген.

Облыста жас мамандарды тарту бойынша да ілкімді істер атқарылуда. Мемлекет тарапынан біраз қолдау тетікгі қарастырылған.  Жыл соңына дейін 170 дәрігер келеді деп күтлуде.  Тең жартысы ауылды жерлерге барады. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Ауылға баратын дәрігерлерге көтермеақы ретінде 1,5 млн теңге, қалада қалатындарға 500 мың теңге беріледі. Аймақтар арасында осынша мөлшердегі көтермеақы бізде біріліп жатыр.

Бұдан өзге «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында дәрігерлерге баспана алуға болады. Көп жылға бөліп төленетін несиесі арзан. Пайыздың мөлшерлемесі небары 0,01 пайыз. Қалада қалғандарға тұрғын үй сертификаты ретінде 1 млн теңге үлестіріледі. Ол қаражат тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің шотына салынады.

Бүгінде шаһарда жаңа тұрғын үйлерден 47 пәтерді дәрігерлерге дайындап қойыпты.

Берік ҚАСЕН

 

Тақырып бойынша материалдар

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
18:05, 15 қазан 2019
МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар