ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАЙЫНША АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ МАСКА ТАПШЫ

17:16, 20 наурыз 2020

Өңірде медициналық  масқа  тапшы.  "Солтүстік Қазақстан фармацевтикалық ақпарат орталығының" директоры Тамара Анохинаның айтуынша, бетперде үшін алаңдауға еш негіз жоқ. Себебі, маска ЖРВИ белгілері бар тұрғындарға, басқаларға инфекцияны таратпау үшін арналған.   Алайда өңірдің дәріханаларында антисептикалық құралдар да тапшы.  Қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне не себеп? Әріптесім баяндасын.

 "Солтүстік Қазақстан фармацевтикалық ақпарат орталығының" директоры Тамара Анохина өңір тұрғындарын сабырға  шақырады. Себебі, жұқпалы індетті біздің облысымызда жұқтырған адам тіркемеген. Және  оның айтуынша, медициналық масканы ауру белгілері жоқ адамдарға тағудың еш қажеті жоқ.

ТАМАРА АНОХИНА, "СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢДИРЕКТОРЫ:

- Әрине елде болып жатқан жағдай барлығымызды алаңдатып отыр. Алайда, дәріханалардан медицналық маскалар мен антисептиктарды, парацетамол дәрілерін көптеп сатып алудың қажеті жоқ. Өйткені сіздерден де басқа тұрғындар бар. Ал жалпы облыс бойынша дәрілер бар. Оны сіздер ең алдымен 138 анықтама телефонына хабарласып біле аласыздар. Өткен аптада ғана 24мың дана маска әкелінген болатын. Алайда тұрғындар оның барлығын бірден сатып алды.

Жалпы облыс мамандары медициналық маскаларды қолдан тігуге кеңес беріп отыр. Ал аурухана мен адамдар көп баратын жерлерде жұмыс істейтін  қызметкерлерге тіпті 8 қабатты мәрліден жасалған бетперде  тағу да артық етпейді екен. Ең бастысы, сақтансаң сақтайды демекші қолды жиі жуып, үйді күніне екі-үш  рет желдетіп отыру маңызды .

КҮЛПӘШ ТАЛАСБАЕВА, СҚО ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Облысымыздағы барлық мекемелер дезинфекциялаудан өткізіліп жатыр.  Сауда үйлерінің, базарлардың және дүкендердің жұмыс кестесіне өзгерістер енгізілді. Және тұрғындар көп баратын қоғамдық орындар да назардан тыс қалмай, зарарсыздандырылып жатыр.  

Елімізде коронавирус жұқтырушылар саны күннен-күнге артуда. Сол себепті, облыстық білім басқармасының айтуынша, министрлікте мектеп оқушыларын  4-ші тоқсанда қашықтықтан оқыту мәселесі талқыланып жатыр. Және арнайы бұйрыққа сәйкес қазіргі уақытта өңіріміздің 10 мыңға жуық мұғалімі үйде отырып жұмыс істесе, 1000нан астамы еңбек демалысына шығыпты.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

8 АЙМАҚТА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ АПТАЛЫҚ ӨСІМІ 7% АСҚАН
20:32, 25 мамыр 2020
8 АЙМАҚТА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ АПТАЛЫҚ ӨСІМІ 7% АСҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
13:04, 22 мамыр 2020
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...