ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА МӘМС БОЙЫНША ТҰРҒЫНДАРДЫҢ 87% САҚТАНДЫРЫЛҒАН

20:52, 22 қараша 2019

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев облыстық ауруханада болып, емдеу мекемесінің жабдықталуымен танысты. Сонымен қатар СҚМУ -де белсенді жастармен кездесіп, Береке ықшам ауданындағы қазақ тілінде білім беретін № 25 мектепке барды. Тілшіміздің бейнематериалы. 

Бердібек Сапарбаев облыстық ауруханада болып, материалдық-техникалық базасын көрді, медицина қызметкерлерімен кездесті. Вице-премьердің сөзіне қарағанда, Мемлекет Денсаулық сақтау саласын жақсарту үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Мәселен, қазіргі таңда халық денсаулығы туралы кодекс және денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама яғни 2 ірі нормативтік құжат әзірленуде. Өңір басшысы атап өткендей, облысқа биыл медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға 3 есе көп қаражат бөлінді. Өңірге 200 дәрігер жетіспейді, бірақ бұл мәселе де шешіліп жатыр.  Жыл басынан облысқа 90-ға жуық дәрігер келді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- 2025 жылға қарай Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды екі есе арттырып, 3 трл  теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Нәтижесінде халықты, әсіресе ауыл тұрғындарын қажетті сапалы емдеумен қамтамасыз етеміз.

2020 жылдың басынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Алдын ала мәлімет бойынша аймақта халықтың 87% - ы сақтандырылған.

АЙБАТЫР ЖҰМАҒҰЛОВ, "ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ" КЕАҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

- Біз бүгін медициналық ұйымдарды аралап,  осыған дейін бір мекемеде болдық. Онда информациялық-интеграциялық жүйені тексерді. Жалпы интекграциялау. Сосын өзгерістерге реформалар бойынша мәселелер қарастырылады. Біріншіден барлық аудандарда оқыту өтіп тұрады. Курсатр өтетін болады. Техника жағынан және қандай мәлімет енгізі керектігі жағынан.

Бердібек Сапарбаев сондай-ақ СҚМУ-да белсенді жастармен кездесті. Премьер-Министрдің орынбасарына студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды .Сондай-ақ олар мейманға естелік ретінде өңірдің киелі жерлерінің гипстен жасалған барельефін сыйлады. Бердібек Сапарбаев жаңа оқу жылында пайдлануға берілген Береке шағын аудандағы № 25 қазақ тілінде білім беретін мектепке де барды. Білім ордасы 600 оқушыға шақталған. Айта кету керек, бұл соңғы 12 жыл ішінде облыс бюджеті есебінен салынған алғашқы мектеп.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
17:54, 13 ақпан 2020
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
17:54, 13 ақпан 2020
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...