ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

ӨКПЕ ПАТОЛОГИЯСЫН АНЫҚТАУ ЕНДІ ӘЛДЕҚАЙДА ЖЕҢІЛДЕДІ

21:10, 10 сәуір 2019

Облыстық ауруханада науқастың өкпесінің патологиясын анықтауға сеп болатын жаңа бағдарлама қолданылып келеді. Диагностиканы енді дәрігердің қатысуынсыз, өздігінше жүзеге асыруға болады. Емделушілерге және ақ халатты жандарға пайда келтіріп жүрген бағдарламаның жұмысымен арнамыздың түсірілім тобы да танысып қайтты.

Ерекше бағдарламаны жасап, шығару үшін облыстық аурухананың мамандары бір жарым жыл бойы еңбектенген. Рентген суретіндегі барлық мағлұмат бағдарламаға енгізіліп, осылайша компьютер өкпенің патологиясы бар ма әлде жоқ па өз бетінше анықтайды. Мониторда зақымдану аймағы көрсетіледі екен.   

АННА ГОЛУБЕВА, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНЫНЫҢ  СӘУЛЕЛІК ДИАГНОСТИКА БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Біз 6 мыңға жуық рентген суреттерін алдық. Көбіне жиі  кездесетін патология яғни 9 санат бойынша бөлдік. Осының негізінде аталмыш бағдарлама құрастырылды. Бұл дәрігерлер және емделушілер үшін өте ыңғайлы.

Облыстық аурухананың жаңа бағдарламаны қолдана бастағанына небары  2 апта ғана өткен. Оның тиімділігін дәрігерлер бағалап үлгеріпті. Жаңа бағдарлама түскен сырқаттарға диагноз қою үшін қабылдау бөлмесіне қойылды.   Өйткені, рентгенолог-дәрігерлер түнде кезекшілікке қалмайды. Ал, бұл бағдарлама патологияны 99%-ға дәл анықтап береді екен.

АННА ГОЛУБЕВА, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ  СӘУЛЕЛІК ДИАГНОСТИКА БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Мамандарымыз бұны науқастарды қабылдау бөлмесінде пайдаланады. Әсіресе терапевтік салада кеңінен қолданылады. Күндізгі бөлімде бізде сипаттама болу қажет, алайда бағдарламаның әзірше ондай функциясы жоқ. Бірақ, болашақта қосамыз деген жоспар бар.

Болашақта дәл осындай бағдарламаны аурухана басшылығы ультрадыбыстық диагностикада да қолдануды жоспарлап отыр. 

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...