ШҰҒЫЛ! КӘСІПКЕРДІҢ КӨМЕГІ Толығырақ

ӨҢІРІМІЗДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

21:17, 8 қаңтар 2019

Өңірімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Былтыр эпидемиологиялық маусым басталғалы бері өңірімізде жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырған 12 мың адам тіркеліпті. Бұл көрсеткіш, 2017 жылмен салыстырғанда 15 пайызға кем. Өңір эпидемиологтары биыл да жағдайдың қалыпты боларына үлкен үмітпен қарайды.

Дене қызуы көтеріліп, бас пен көз алмасы ауырса, дереу мамандарға қаралған абзал. Дәрігерлердің айтуынша, бұл тұмаудың белгілері. Аталған ауру түріне бей-жай қарауға болмайды дейді ақ халаттылар. Себебі тұмауды асқындырып алудың арты соқпақты болуы мүмкін.

ГАЛИНА ЛУКАШЕВИЧ, №2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ДӘРІГЕРІ:

- Тұмау, әсіресе, 3 жасқа дейінгі балалар, жүкті келіншектер мен созылмалы ауруы бар 60 жастан асқандар үшін қауіпті.  Біз профилактикалық шараларды үш түрге бөліп қараймыз.  Екпе жасату ең тиімді әдісі. Екінші тәсілі, эпидемиологиялық маусым басталғанша дейін вирусқа қарсы препараттарды  тұтынған дұрыс болады. Және үй жағдайында гигиеналық ережелерді сақтай отыра, балалардың суыққа төзімділігін арттыру, дәрумендерді мейлінше көбірек қолдану керек. Халық көп жүретін орындарға бармауға тырысып, ауыра қалсаңыз медициналық бетпердені  қолдану қажет.

Былтыр эпидемиологиялық маусым басталғалы бері өңірімізде жедел респиратОрлық вирустық инфекция жұқтырған 12 мың адам тіркеліпті. Бұл көрсеткіш, 2017 жылмен салыстырғанда 15 пайызға кем. Әдеттегідей, ауырғандардың  93%  облыс орталығының тұрғындары. Соңғы аптада осындай жағдаймен 583 жерлесіміз емханаларға жүгінген. Нәтижесінде, зертханалық жолмен тұмаудың 5 фактісі анықталыпты.

ФАРИДА МҰХАМЕДЖАНОВА, СҚО ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ  БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

- 5 адамнан тұмау түрлері анықталды. Басым көпшілігі Н1N1 вирусы. Жұқпалы дертке шалдыққандардың 64 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар. Тұмауды алдын алу мақсатында 2018 жылы облыстық  бюджеттен 51 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, оған Ресейден 60 мың доза вакцина алынды. Егу жұмыстары уақытылы жүргізілді.

Ақпан айында тұмау белең алуы мүмкін. Қазіргі таңда вирусқа қарсы препараттар көбейген. Осы орайда эпидимиологтар тұрғындарға өздігінен ем қабылдамай, дәрігерге қаралу керектігін ескертеді.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ
20:34, 14 маусым 2019
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар