ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

ОТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІГІ

20:42, 29 маусым 2020

Жол-көлік оқиғасына ұшырап, тыныс алу жолдары мен көмейіне қатты зақым келген азаматқа елордалық дәрігерлер қол ұшын созды. Петропавл тұрғыны Радион Ротов 2018 жан түргішерлік апатта зардап шегіп, оған жергілікті ақ халаттылар көмей стенозы деген диагноз қойған. Нұр-Сұлтандық дәрігерлер жігітке күрделі ота жасап, оның өмірге деген үміт отын қайда жандырды.

Бұл қала тұрғыны Радион Ротов. Жасы небары 23-те. Осыдан екі жыл бұрынғы жол көлік оқиғасы оның өміріне балта шаба жаздады. Айтуынша,  оның көлігіне  жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кеткен машина  соғылған. Апаттың кесірінен тыныс алу жолдары мен тамақ қуысына қатты зақым келді. Жергілікті дәрігерлер оған көмей стенозы деген диогназ қойып, ота жасаған. Дегенмен бұл жеткіліксіз болып шықты. Өйткені жас жігіт адамдармен сөйлесуден қалып, тоғыз ай арнайы түтікше арқылы тыныс алуға мәжбүр болды.

РАДИОН РОТОВ,  ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

Мен трахеостомаммен жүрген кезде тыныс алуым қиындап, сөйлесу мүмкін болмай қалатын кездер болатын. Кеуде, тамақ қуысым ауырып қиналатынмын. Осылайша бір жылға жуық уақыт жүрдім. Маған күрделі ота жасату керек болды. Жергілікті дәрігерлер Түменге баруға болатынын айтты. Бірақ бұл операция өте қымбат болғандықтан, өзіміздің Денсаулық сақтау Министрлігіне хат жаздық. Екі күннен кейін жауап келді.

Осылайша 2019 жылдың қазан айында елордадағы «ҚР Президенті істерін басқару медициналық орталығының» ауруханасында Радионға бірінші ота жасалды. Араға 5 ай салып екінші, ал маусым айының басында соңғы үшінші операция жасалды. Барлығы ойдағыдай, сәтті шыққан. Енді Радион еркін сөйлеп,    арнайы түтікшесіз-ақ дем алып жүр.  

Елордалық дәрігер тексеріп, көмейді қалпына келтіру үшін арнайы стенд, яғни имплант керек екенін айтты. Ал ол әлемде санаулы елде ғана шығарылады. Сөйтіп АҚШ-та тұратын таныстарымызбен байланысып едік, сонда бізге керек импланттың бар екенін айтты. Бірақ тек дәрігердің рецепті бойынша беріледі, берілген күннің өзінде Қазақстанға алып келу мүмкін емес екен. Өйткені лицензия жоқ. Сөйтіп, Германия елі арқылы алдырттық. Сол стендтың көмегімен ақ халаттылар баламның көмейін қалпына келтірді.

Отандық дәрігерлер осындай тәсілмен Қазақстанда тек үш адамға ғана ота жасапты. Соның бірі жерлесіміз Радион. Ол жол апатына дейін тас көтеру спортымен айналысқан. Мақсаты сүйікті ісін жалғастыру.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ 1300 ДӘРІГЕР, 1700 МЕДБИКЕ ЖЕТІСПЕЙДІ
20:35, 9 шілде 2020
КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ 1300 ДӘРІГЕР, 1700 МЕДБИКЕ ЖЕТІСПЕЙДІ
Толығырақ...
ЭПИДАХУАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:32, 9 шілде 2020
ЭПИДАХУАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР
17:15, 9 шілде 2020
КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
17:18, 8 шілде 2020
АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
Толығырақ...