ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА ҚҰЛАҚ ҚУЫСЫНА ОТА ЖАСАЛАДЫ

14:57, 13 мамыр 2019

Өңірімізде алғаш рет құлақ қуысына операция жасалды. Бұл жаңадан сатып алынған заманауи қондырғылардың арқасында мүмкін болып отыр. Осыған орай облыстық балалар ауруханасында астаналық дәрігерлердің қатысуымен шеберлік сағаты да өтті.

Ел халқының 1% созылмалы құлақ ауруына шалдыққан. Жыл сайын осы дертпен 150 мың адам тіркеледі. Әрбір оныншы науқас отаға мұқтаж. Дәрігерлердің айтуынша, есту мүшесі қабынуының салдарынан адам керең болып қалуы мүмкін. Осы жолы елордалық хирургтер 8 жасар баланың құлағына операция жасады. 

АРМАН ӘБІЛЕВ, ШТАТТАН ТЫС БАС ЛОР-ДӘРІГЕР, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ:

- Солтүстікқазақстандық дәрігерле біліктілігін жетілдіру үстінде оған қоса ауруханамыз заманауи құрылғылармен толығып жатыр. Жергілікті емдеу мекемесі микроскоп, микротемпаналдық жиынтық, протездер мен шунттар сатып алды. Мұның бәрі құлағында ақауы бар балалардың отасына қажет.

Құлаққа ота жасау кезінде қолданылатын микроскоп еліміз бойынша әзірге үш қалада бар екен. Таптырмас құрылғы ісінген, іріңдеген, қабынған тұстарға күрделі операция жасауға мүмкіндік береді.

АБЗАЛ БӨЛЕКБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ЛОР БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Бұл құлаққа жасалатын күрделі оталардың бірі. Микраскоп арқылы құлақтың кішкентай бөлігіне жасалатын ота. Мұндай операция Нұр-Сұлтанда, Алматыда жасалады. Басқа өңірлерде ешқашан болмаған.

Астаналық лор дәрігерлер өңірімізде жұмыс сапарымен бір ай болады. 30 күн бойы елордалық ақ халаттылар балаларға ота жасап, солтүстікқазақстандық әріптестеріне шеберлік сағаттарын өткізбек. 

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ КӨЛІКТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
18:01, 27 қараша 2019
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ КӨЛІКТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...