ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ Толығырақ

САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНА

17:55, 18 қараша 2019

2020 жылдың 1қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Ол медициналық қызметтердің көрсетілуі мен сапасын жақсартуға бағытталған. Келесі үш жылдың ішінде тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қаржыландыруға ел бойынша  2,8 трлн. теңге жұмсалмақ. Бұл жұмыстар біздің өңірде қандай деңгейде іске асырылуда? Сюжетті көрелік.

1 қалалық емханаға Петропавлдың 70 мыңға жуық тұрғыны қарайды. Қазіргі кезде емдеу мекемесінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Емхана мамандары тиісті курстардан өтіп, халық арасында үгіт-насихат жұмыстары да қарқынды  жүргізілуде. Оған қоса, жыл басынан емхана ұжымы 14 жас маманмен толыққан. Сондай-ақ, емхананың Былғары Зауытында, Заречный кенттерінде,  Черемушки ықшам ауданында филиалдары бар. Ал, осы жылдың соңына дейін Театр көшесі, 49 мекенжайында отбасылық денсаулық орталығы ашылмақ.

СВЕТЛАНА КАШЕНЦЕВА, 1-ШІ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

- Еліміздің барлық емдеу мекемелері секілді біз де міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге әзірленудеміз. Осы бір жыл ішінде аталмыш жүйе науқастарымызға сапалы түрде қзымет көрсетуі үшін көптеген іс-шаралар жүзеге асырылды. Ең бастысы ол әрине емделушілер тіркелген және де мәртебелері сақтандырылған болуы тиіс. Мейірбикелердің үйлерді аралау барысында, күзгі халық санағын жүргізу кезінде көптеген емделушілеріміздің мәртебесін анықтап, келер жылы олар жүйеде медициналық қызметтің 2 пакетіне де қол жеткізе алатыны түсіндірілді.

1 қалалық емхана толықтай цифрландырылған.  Бұл дегеніміз науқастардың емдеу карталары электронды түрде сақталып, дәрігермен компьютер арқылы толтырылады. Әр кабинеттің маңында электронды терминал орнатылған. Пациенттер сол арқылы  қажетті маманға еш қиындықсыз талон алады.

АЛЕКСАНДР ГАССМАН, СТАТИСТИКАЛЫҚ БӨЛІМНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

«Цифрландыру» жол картасына сәйкес бізде барлық бөлмелерге электронды кезек енгізілуде. Емдеу парағында науқастарға электронды түрде ашылады, егер де қажет болса оны басып шығарып бере де аламыз. Сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғаннан кейін петропавлдықтар көптеген қызметтерге тегін түрде қол жеткізе алады.

Өңірімізде тұратын 552 мың адамның ішінде 219 мыңы жұмыспен қамтылған. Жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін медициналық сақтандыру Қорына аударымдар жасап отырады. Ал, 4337 сақтандандырылмаған солтүстікқазақстандық бірыңғай жиынтық төлем жүйесінің төлеушісі болып табылады. Жалпы кез-келген толық ақпаратты 1406 контакт-орталығына хабарласып, медициналық сақтандыруға қатысты сұрақтарын жолдай алады. Ал, өз мәртебесін  egov.kz  электронды үкімет порталынан біле алады.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
17:54, 13 ақпан 2020
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
17:54, 13 ақпан 2020
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...