ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

САПАЛЫ, ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНА

20:41, 6 қыркүйек 2019

Келесі үш жылдың ішінде тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қаржыландыруға 2,8 трлн. теңге жұмсалмақ. Бұл туралы Президент Қасым Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында атап өтті. Сонымен қатар, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттігін де тілге тиек етті. . Әсіресе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға  үлкен көңіл бөлінбек.  

2020 жылдың 1қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Ол  медициналық қызметтердің көрсетілуі мен сапасын жақсартуға бағытталған.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ  ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Өңірімізде тұратын 552 мың адамның ішінде 219мыңы жұмыспен қамтылған. Жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін медициналық сақтандыру Қорына аударымдар жасап отырады. Ал, сақтандырылмаған 4337 солтүстікқазақстандық бірыңғай жиынтық төлем жүйесінің төлеушілері болып табылады.  Келер жылы олар 15 жеңілдікті санатҚА КІРЕДІ. Яғни әлеуметтік қорғалмаған азаматтармен қатар сақтандырылған адамдар мәртебесіне ие болады. Сондай-ақ  2020 жылдан бастап бұл санатқа кіргендерге жарналарды мемлекет төлейді.Мәселен, жақында Қарағанды облысында  міндетті медициналық сақтандырудың пилоттық жобасы енгізілді.

ЛАРИСА ГОРДЕЕВА, «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АҚ  СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

Пилоттық жоба барлық денсаулық сақтау жүйесінің медициналық сақтандыруды толық ауқымды енгізуге дайындығын бағалауға мүмкіндік береді. Жобамен қоса медициналық қызметтерді пайдаланушылардың мәртебесін яғни адамның сақтандырылғанын автоматты түрде анықтайтын  «Сақтандыру» ақпараттық жүйесі іске қосылмақ.

Жалпы медицинлық сақтандыруға қатысты кез-келген толық ақпаратты 1406 контакт-орталығына хабарласып алуға болады. Ал, өз мәртебесін  egov.kz  электронды үкімет порталынан біле алады.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ЕМХАНАЛАРҒА ТІРКЕУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
20:43, 18 қыркүйек 2019
ЕМХАНАЛАРҒА ТІРКЕУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...