ШҰҒЫЛ! КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ Толығырақ

ШАЛА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРГЕ КӨМЕК

20:45, 16 қыркүйек 2020

Облыста ай-күніне жетпей шала туған балалар саны артуда. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда биыл 32 бөбекке көп.Мамандардың айтуынша, мұның басты себебі жүкті әйелдерде болатын стресске байланысты екен.

Анастасия Окулованың перинаталды орталықта жатқанына бір жарым ай болыпты. Оның қазіргі уақытта Дариана есімді сүйкімді қызы бар. Сәбиі 33 аптада 1,4 келі болып жарық дүние есігін ашқан. Қазіргі уақытта қыздың да ,жас ананың да денсаулығы жақсы.

АНАСТАСИЯ ОКУЛОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Перинаталды орталық дәрігерлеріне алғысымды айтамын. Олардың еңбегі баға жетпес. Осындай кіп-кішкентай болып туған балаларға қарап, өсіріп, бізге көмектеседі.

Мамандардың айтуынша, облыста жыл санап шала туатын балалар саны артып келеді. Мәселен, өткен жылы 8 айда 255 бала туылса, биыл жыл басынан 287 бөбек жарық дүние есігін ашыпты. Балалардың ай-күніне жетпей  дүниеге келуінің басты себебі, аналарының генетикасына немесе жүкітілік кезеңінің  ауыр стресспен өтуіне байланысты екен.

ШЕКЕРГҮЛ ЕЛУБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ШАЛА ТУҒАН БАЛАЛАР ПАТОЛОГИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МЕЙІРБИКЕСІ:

- Статистика жыл сайын өзгереді. Өткен жылмен салыстырғанда биыл шала туған балалар саны көп. Қазірдің өзінде бөлімшеде 16 бала, 11 жас ана жатыр. Барлығы дәрігерлердің қатаң бақылауында.

Перинаталды орталықта мерзімінен бұрын дүниеге келген ең кішкентай баланың салмағы 500грамм. Нәрестенің салмағы 2 келіге жетпегенше, ақ халатылардың бақылауында болады. Дәл осы ай-күні жетпей дүниеге келген шақалақтарға өңірдегі «28 ілмек» клубыда көмектеседі. Олар балаларға жүннен жылы киімдер тоқып, 2айда бір рет орталық мамандарына табыстайды.

ӘСЕМГҮЛ КӘКПЕНОВА, «28 ІЛМЕК» КЛУБЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ :

- БІЗДІҢ клубымыздың негізін  2012 жылы  журналист Карла Нұр есімді бойжеткен қалаған болатын. Қазіргі уақытта Қазақстанның 15 қаласында филилалымыз бар. Ал СҚО-да біз 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Клубымызда 20 қыз бар. Көбісі  декретік демалыста отырған аналар. Барлық тоқыған киімдерімізді біз тегін береміз.

Шала туған нәрестелер белгілі бір салмақ қосқанша, арнайы кереуеттерде ерекше күтімде жатады. Осы кезде шақалақтардың денесін жылы ұсау үшін дәл осы тоқылған киімдердің пайдасы зор. Айта кетейік,  «28 ілмек» клубы 2жарым жыл ішінде 1000ға жуық киім-кешек тоқып, перинаталдық орталыққа жеткізген. 

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛІМІЗДІҢ 5 ӨҢІРІНДЕ ҚҰС ТҰМАУЫ ТІРКЕЛДІ
20:31, 21 қыркүйек 2020
ЕЛІМІЗДІҢ 5 ӨҢІРІНДЕ ҚҰС ТҰМАУЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
СҚО-ҒА ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ КЕЛІП КЕТТІ
13:01, 21 қыркүйек 2020
СҚО-ҒА ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ КЕЛІП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
17:22, 17 қыркүйек 2020
ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...