ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

20:33, 17 ақпан 2020

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Түркия елінде болды. Облыс әкімі бастаған  делегация Маниса қаласындағы заманауи клиниканы аралап, өзара әріптестік аясындағы бірлескен жобаны жүзеге асыру жайын талқылады. Түрік инвесторлары Петропавлдың жаңа «Шығыс» ықшам ауданында 500 орынға арналған заманауи емхана  тұрғызады. Бұл жоба «Qyzyljar» экономикалық аймағының негізгі нысандарының бірі.

Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы Түркияның Маниса қаласындағы жетекші клиникалардың бірінде болды. Осындай жобадағы көпсалалы аурухана Петропавл қаласында да бой көтермек. Халықаралық сапа стандарты мен қауіпсіздік көпбейінді аурухананың басты қағидасы. Жоба 2022 жылдың ортасына қарай мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында түрік инвесторларымен жүзеге асырылмақшы.

ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Дәл осындай клиника біздің Петропавлда да салынады. Маниса қаласындағы аурухана 550 орындық болса, бізде 510 болады.. Біздің қызметіміздегі басты бағыттардың бірі шұғыл жәрдем көрсету. Жаңа жүйеде жұмыс істемекпіз.

Үш күн ішінде солтүстікқазақстандықтар шетелдік әріптестердің ісімен, операциялық және реанимациялық бөлімдердің  жұмысымен танысты. Шетелдік тәжірибенің берері мол, дейді облыстық аурухананың онкология бөлімінің жетекшісі Олег Дудяк.

ОЛЕГ ДУДЯК, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ОНКОЛОГИЯ БӨЛІМІ  ЖЕТЕКШІСІ:  

Бірлесе істеп жатқан ісіміз жемісті және жобаны әзірлеушілер біздің құқықтық актілерге  негізделген ерекшелігімізді түсіне отырып, қолдау білдірді. Өзгерістермен келіседі және де біздің емделушілеріміз үшін аурухананы ыңғайлы түсінікті етіп жасауға тырысып бағуда.

Палаталар түрлі санаттағы адамдарға ыңғайлы және барлық қажеттіліктермен жабдықталған болады. Әр палатада медициналық қызметкерлерді шақыруға арналған шұғыл нүкте   орналасқан. Тараптар емдеу тәжірибесімен және «цифрландырудың» маңыздылығына ерекше назар аударуда.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Заманауи жүйенің арқасында, аурухана қызметкерлері қайсысы қандай құрылғыны алғанын көруге болады. Осы жүйенің арқасында   әрбір құрал зарасыздандырудан өткендігін және қайтадан орнына қойылғанын бақылауға болады.

Аурухана 510 орынға және ондаған бөлімшеге арналған. Мекеме техниканың соңғы үлгісі бойынша құрылғылармен жабдықталады. Солтүстікқазақстандықтар заманауи медициналық технологияларға толық қол жеткізе алатын болмақ.

ХУСЕЙН АРСЛАН, «YDA» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Біз Қазақстан елімен бұрыннан қызмет етіп келе жатырмыз. Әуежай, ЭКСПО-ның кейбір нысандарын салған едік. СҚОмен серіктес болу бізге тиімді. Біз нысандарды үнемі мерзімінен бұрын тапсырамыз.

200 солтүстікқазақстандық дәрігер шетелде оқудан өтеді. Жаңа көпбейінді аурухана басқа елдердің азаматтары үшін де тартымды ірі медициналық орталыққа айналатыны сөзсіз.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДЫҚ АУРУХАНАҒА ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ
20:40, 6 тамыз 2020
АУДАНДЫҚ АУРУХАНАҒА ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ СЫЙҒА ТА...
Толығырақ...
7 ДӘРІХАНАДА БАҒАНЫ ӨСІРУ ФАКТІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
17:15, 6 тамыз 2020
7 ДӘРІХАНАДА БАҒАНЫ ӨСІРУ ФАКТІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...