Облыста 11 қаңтарда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 52 жағдайы тіркелді. Олардың 26-сында ауру белгілері болған.
ПТР әдісімен зертханалық талдаулар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 48 азаматтан және эпидқадағалау мақсатында 2 азаматтан алынды. Жалпы облыс бойынша КВИ-ға – 226110 зерттеу жүргізілді; оның тек 4% ғана оң нәтиже көрсеткен. Өткен тәулікте ПТР әдісімен 740 зерттеу жүргізілді. Жалпы өңірде вирус жұқтырудың 9237 жағдайы тіркелген. Олардың 8332сі індеттен айығып шықса, 21і қазіргі уақытта ауыр жағдайда. Облыстағы ауруханалардың инфекциялық бөлімі 42 пайызға толған. Осылайша СҚО әлі де сары аймақта.
COVID-19
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
НАУҚАСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ САНЫ: 9237
БІР ТӘУЛІКТЕ ЖҰҚТЫРҒАНДАР: 52
ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР: 41
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ - 20
Қызылжар ауданы - 4
М. Жұмабаев ауданы - 5
Уәлихан ауданы - 0
Мамлют ауданы – 7
Есіл ауданы -0
Шал ақын ауданы - 0
Тимирязев ауданы - 2
Тайынша ауданы - 5
Ғ. Мүсірепов ауданы - 0
Аққайың ауданы - 1
Ақжар ауданы – 0
Жамбыл ауданы-6
Айыртау ауданы-2