ШҰҒЫЛ! ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БӘСЕҢСІМЕЙДІ Толығырақ

СУЫҚ ТИГІЗГЕН МЫҢ АДАМ ДӘРІГЕР КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНДІ

13:04, 16 қаңтар 2020

Өңірде апта сайын мың адам суық тиюдің белгілерімен дәрігердің көмегіне жүгінеді. Эпидемиялық маусым басталғалы бері облыста жіті респираторлы вирустық инфекцияны жұқтырудың 11915 жағдайы тіркелген. Ақ халаттылардың көмегіне жүгінгендердің басым көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалар.

Сонымен қатар, осы уақыт аралығында тұмаудың 44 жағдайы зертханалық түрде расталды. Оның 5-і А типті болса, қалған 39-ы В типтес тұмау. Мамандардың сөзіне қарағанда науқастанғандардың көбі тұмауға қарсы екпе алмағандар. Жалпы, осы жұмысқа 2019 жылы облыстық бюджеттен 52,5 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, "Гриппол плюс" вакцинасының 60 мың дозасы сатып алынды. Соның ішінде, 17 мыңнан астам бала және 43 мыңнан астам ересек адам екпе алған. Вакцинация тұмаудың салдарынан пайда болатын ауыр асқынулар мен өлім-жітімнің алдын алатын шараның бірі. Мамандар сөзінше, жұқпалы респираторлық вирустық инфекция жеңіл өтсе, тұмау ауыр клиникалық көрініспен ерекшеленеді. Яғни дене температурасы 39-40 градусқа дейін көтеріліп, қалтырау сезімі пайда болады, қатты жөтел және бас ауруы мазалайды. Ауруды жұқтырмау үшін қолды үнемі сабынмен жуып, бөлмені желдетіп отыру қажет және  саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданған жөн.

МЕРУЕРТ АТАМБАЕВА, СҚО ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Эпидемиялық маусым басталғалы бері тұмаудың 44 жағдайы тіркелді. Оның 18 жағдайы балалар арасында, 15 жағдай жүкті әйелдер арасында тіркеліп отыр. Және айта кетерлік жағдай осы барлық тіркелген 44 жағдайдың барлығы науқастар вакцинация алмағандардың қатарына жатады. Соңғы 1 аптаның ішінде жіті респираторлы вирусты инфекциялардың 1002 жағдай тіркеліп отыр. Тіркелгендердің көбісі балалар. 73 пайызын құрап отыр.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА 122 АДАМ КАРАНТИНДІК СТАЦИОНАРДА ЖАТЫР
20:36, 26 наурыз 2020
ОБЛЫСТА 122 АДАМ КАРАНТИНДІК СТАЦИОНАРДА ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...