ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАЙЫНША АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ Толығырақ

ТАЙЛАНДТАН КЕЛГЕН ОТБАСЫ АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ

18:05, 20 ақпан 2020

Тайландтан келген петропавлдық отбасы  коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған болатын. Әлеуметтік желілерде оларды арнайы киімдегі медицина қызметкерлерінің екі жедел жәрдем көлігімен үйлерінен ауруханаға әкетіп жатқан бейнеролигі тарады.

Дәрігерлер 18 ақпан күні ерлі-зайыптыны, 6 және 8 жастағы балаларымен ауруханының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызады. Тиісті тексерулер жүргізіліп, барлық қажетті талдаулар алынды. Дәрігерлер отбасы мүшелерінің жағдайын қазір тұрақты деп бағалап отыр. Алайда, бүгінде олардың дене қызуы әлі де түспеген.

ОЛЕГ ЗАВЬЯЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

- Аурухана жатқызылған отбасы тұмау жұқпалы ауруының белгісі бар адаммен араласқан екен. Салдарынан келесі күні, балаларының, содан кейін, ерлі-зайыптының дене қызуы көтерілген. Олар дәрігерге көрініп, ем алады. Алайда келесі күні де жағдайлары жақсармайды. 18 ақпан күні балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне хабарласты. Сол бетте бірден, тиісті әрекеттерге көштік. Зерттеу жүргізу үшін қажетті талдау алынып, кешкі 10-11лер шамасында короновирус инфекциясының жоқтығы расталды. Барлық отбасы мүшесі «А» типті тобының тұмауын жұқтырған.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

8 АЙМАҚТА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ АПТАЛЫҚ ӨСІМІ 7% АСҚАН
20:32, 25 мамыр 2020
8 АЙМАҚТА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ АПТАЛЫҚ ӨСІМІ 7% АСҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
13:04, 22 мамыр 2020
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...