ШҰҒЫЛ! ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ Толығырақ

ТЕГІН БЕРІЛЕТІН ДӘРІ-ДӘРМЕК ТҮРЛЕРІ АРТТЫ

17:51, 22 қаңтар 2020

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуіне байланысты тегін берілетін дәрі-дәрмектер түрі артты. Бұл туралы елімізді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге жауапты «СК-Фармация» компаниясының өкілдері айтты.

Олардың сөзінше бірыңғай дестрибьютордың тізіміне биыл қосымша 225 дәрі қосылған. Компания 2020 жылға арнап 232 млрд теңгеге дәрі сатып алған. Олардың қатарында он елден әкелінген медициналық өнімдер бар. Ал, сатып алынған дәрі-дәрмектің 30 пайызы Қазақстанда жасалған. Бұл отандық медициналық тауар өндірушілерге қолдау бар екенін, сондай-ақ, сенім артқанын көрсетеді,- дейді. Өйткені, он жыл бұрын отандық үлестің деңгейі бар-жоғы 5 пайыз болатын.

БЕРІК ШӘРІП, «СК-ФАРМАЦИЯ» ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- 2009 жылы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін тек қана 45 назология аурулар тобы бойынша 450 атау дәрі-дәрмек. Қазір 136 назология бойынша дәрілер тегін беріледі. Олардың 191 атауы балаларға. Жалпы қазір 6,5 млрд теңгег дәрі-дәрмек бүкіл өңірлерге жеткізілді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАЙЛАНДТАН КЕЛГЕН ОТБАСЫ АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ
18:05, 20 ақпан 2020
ТАЙЛАНДТАН КЕЛГЕН ОТБАСЫ АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар