ШҰҒЫЛ! ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БӘСЕҢСІМЕЙДІ Толығырақ

ТҰМАУ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ АРТТЫ

17:50, 18 ақпан 2020

Облыста эпидемиологиялық маусым басталғалы жіті респираторлық вирусты инфекция жұқтырған 20 мыңға жуық адам дәрігер көмегіне жүгінген. Оның басым көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалар екен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялыр қызметінің баспасөз брифингіде айтылды. Әріптесім Нұрбол балғабеков толықтырады.

Жалпы эпидемиологиялық маусым басталғалы тұмаудың зертханамен расталған 196 дерегі тіркеліпті. Оның 95-і А типті, қалғаны В типті екендігі анықталды. Тұмаумен ауырғандардың 73-і 14 жасқа дейінгі балалар, 82-сі екіқабат әйелдер. Олардың ешқайсысы тұмауға қарсы екпе алмаған.

ТАТЬЯНА ГОРЛОВА, СҚО ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Облыстың білім беру мекемелерінде сырқаттанғандар санын анықтау мақсатында күнделікті мониторинг жүргізіледі. Білім беру бөлімдерінің мәліметінше, 17 ақпан күні жұқпалы ауруды және тұмауды жұқтырғандар саны 0,4% пен 7,6% аралығын құрады. Егер де ауырудың салдарынан сыныптағы немесе топтағы балалардың  20% келмесе, оқу процесін уақытша тоқтату туралы шешімді мектеп әкімшілігі қабылдайды.  Ал білім ордасының 30% оқушысы келмеген жайдайда директордың бұйрығымен мектеп карантинге жабылады»

Респираторлық вирустық инфекцияны жұқтырғандар саны соңғы аптада 1921-ге жеткен. Медициналық көмекке жүгінгендердің 37% - мектеп жасындағы балалар екен.

АЙНАШ САҒАНДЫҚОВА, СҚО ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- «Өткен аптадағы көрсеткіштермен салыстыратын болсақ, 7 пайызға артқаны байқалып отыр. Оны негізі ауа райының күрт өзгеруімен байланыстырып отырмыз.Көп жағдайда адамдар жеке бас гигиенасын сақтап, қолдарын сабынмен жуып, көп адам шоғырланатын мейлінше шектеуді кеңес ретінде ұсынатын едік. »

Жалпы, эпидемиологиялық маусым басталғалы респераторлық жұқпалы инфекцияны 20 мыңға жуық адам жұқтырған.  

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА 122 АДАМ КАРАНТИНДІК СТАЦИОНАРДА ЖАТЫР
20:36, 26 наурыз 2020
ОБЛЫСТА 122 АДАМ КАРАНТИНДІК СТАЦИОНАРДА ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...