ШҰҒЫЛ! БЕСКӨЛДЕ 300 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП АШЫЛДЫ Толығырақ

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

17:17, 15 қыркүйек 2020

Биыл тұмауға қарсы вакцина егу науқаны екі АПТАға ерте басталды.. 15 қыркүйектен бастау алған науқанды өткізуге облыс бюджетінен 52млн теңге қаражат бөлінген. Вакцина кімдерге тегін егіледі? тұмау мен ковид-19-ді айыру үшін нені білген жөн? Әріптесім Жансая Қайыпова баяндасын. 

Биыл әлемдегі ахуалға байланысты тұмауға қарсы вакцина егу уақытынан ерте басталып жатыр. СҚО-ға қазіргі уақытта 60293 доза сатып алынған. Тағы қосымша 24мыңнан астамы әкелінеді деп күтілуде. Және бұл екпе арнайы санатқа жататын өңір тұрғындарына тегін қойылады. 

МЕРУЕРТ АТАМБАЕВА, СҚО ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Бұл вакцинаны тегін яғни ақысыз алатындарға келесі контингенттер жатады. Оған мед.қызметкерлер. Олардың саны 8225 құрайды. Келесі балалар. Оның ішінде барлық балалар емес диспансерлік бақылауда тұрған балалар.  Және жиі ауыратын балалар. Жасы 6 айдан асқан. Жетім балалар, медициналық мекемелерден көмек алатын адамдар. Жүкті әйелдер, оның ішінде 2ші және 3ші триместрдегі.

Тұмауға қарсы вакцина салынғаннан кейін имуниттет 8-12 күнде қалыптасады да, оның әсері 1жылға дейін жетеді. Жалпы мамандар, дені сау, аурушаң емес адамдарға екпе ектіру міндетті емес деп отыр. Себебі, денсаулығы жақсы адамның иммунитеті де жақсы, кез-келген аурумен арпалысуға дайын. Алайда, тұмаудың алдын алып, ақылы түрде вакцина қойғызамын дегендер емханаларға жүгіне алады.

ҚҰМАР КҮСЕМІСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қазір барлық емханаларға тиісті мөлшерде вакцина таратылды.  Ақылы түрде екпе салдырғысы келетіндер емдеу мекемелеріне жүгісе алады. Вакцина жетіспеушілігі болмайды.

Ал күзде басталатын ЖРВИ мен коронавирус инфекциясының белгілерінде айырмашылық бар ма деген сұрақ көптің көкейінде жүр. Мамандардың сөзінше, тұмауда адамның дене қызуы бірден көтеріліп, тамақ ауырады, түшкіріп, мұрнынан су ағуы мүмкін. Жөтел кейде болмайды.  Ал ковид-19 вирусын жұқтырған адамда дене қызуы көтерілгеннен басқа құрғақ жөтел пайда болып, демалуы қиындайды. Ең басты ерекшелігі - иіс,дәм сезу қабілетінен айырылады. Және күзгі тұмау 3-7 күнге созылса, коронавируспен аурудың белгілері 14 немесе одан көпке дейін созылуы мүмкін.

ТАТЬЯНА ГОРЛОВА, СҚО ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Биыл күзгі ЖРВИ мен коронавирус бір уақытта басталуы мүмкін. Және бұл кезде медицина қызметкерлеріне өте қиын болады. Себебі бастапқыда екі аурудың да белгілері бірдей. Тұмау кезінде адамда жөтел болмауы да мүмкін. Сондықтан да, әрбір адам өзіне жауапкершілік алып, сақтық шараларын ұстануы қажет. 

Айта кетейік, қазірдің өзінде облыс бойынша 3мыңға жуық адам  тұмауға қарсы вакцина алып үлгерген. Аталмыш екпені 6айға дейінгі нәрестелеге, созылмалы ауруы бар адамдар мен өткен жылы вакцина кері әсер көрсеткен адамдарға егуге болмайды.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
20:37, 29 қыркүйек 2020
КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...