ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ МАУСЫМДЫҚ ЕКПЕ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

20:31, 14 қыркүйек 2020

Биыл елде екпе науқаны екі аптаға ерте басталды. Себебі, коронавирус пандемиясы кезінде тұмау өршіп, салдары қауіпті болуы мүмкін. Маусымдық тұмауға қарсы алғаш боп вакцина салдырған - денсаулық сақтау министрі.

Тұмауға қарсы екпені бірінші болып елдің бас дәрігері Алексей Цой салдырды. Бұл вакцина бізге таңсық емес. Ресейдің «Гриипол+» өнімі. Оны Қазақстан жыл сайын тұрақты түрде қолданып келеді. Биыл 2 млн 200 мың дозасы сатып алынған. Медицина саласының қызметкерлері, балалар мен қарт адамдар және диспансерлік есепте тұрғандарға екпе тегін салынады. Ал ақылы алушыларға 1 млн дозасы тағы бар.  

АЛЕКСЕЙ ЦО, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: 

- Мен жыл сайын тұмауға қарсы екпені алуға тырысам. Тек бір жыл ғана ала алмай қалдым. Нәтижесін көріп жүрмін, ауырған күннің өзінде жеңіл өтеді. Вакцинаның сапасына күмән жоқ. Тиісті зертханалық сынақтардан өткен, қауіпсіз.

Былтыр елімізде 430 мың адам тұмауратса, оның 60 пайыздан астамы 14 жасқа толмаған балалар. Сол себептен, балабақша мен мектеп жасындағылар бірінші кезекте қамтылады. Оның үстіне коронавирус пандемиясы кезінде тұмау да күрт өршкі мүмкін. Сол себептен биыл екпе жылдағыдан ерте әрі көбірек салынады.

ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ:

- Не үшін қазір жасалып жатыр? Жыл сайын біздің мәліметтер бойынша қазан айының ортасында тұмаумен және ЖРВИ күрт көбейеді.  Ал вакцинадан кейінгі иммунитет 2 аптадан кейін болады. Қазіргі салынып жатқан 1 айдың ішінде бітірсек сәйкесінше тұмаудың маусымы жоғарылаған кезде осал жанды адамдарымыз дайын болады.

Ал коронавирусқа қарсы вакцина әзірге жоқ. Сол себептен, қауіпке қорған – сақтық. /БЕЙНЕҚОР/  Қазір елдегі эпидахуал тұрақты болғанмен, әлемнің бірқатар елінде екінші толқын басталып та кетті. Сол үшін билік барынша қамданып жатыр. Қазан айынан бастап ПТР тест жасау тәулігіне 60 мыңға дейін көбейтіледі.

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...