ШҰҒЫЛ! ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019 Толығырақ

ЖАҚСЫ ДӘРІГЕР АУРУДЫ ЖАЗАДЫ

17:53, 7 тамыз 2019

Дәрігер-қастерлі мамандық.Адам өмірін өлімнен арашалап қалып, аяғына тұрғызу дәл осы абзал жандардың қолында.Өмірінің жартысын осы салаға арнағандардың бірі- Нұрлан Жақыпов. Көптеген баланың өмірін сақтап, бетін бері қаратқан ақ халаттының  еңбек өтілі биыл  30 жыл болды.1998 жылдан бері облыстық балалар ауруханасында реанимация бөлімшесін басқарып  келе жатқан абзал жанмен әріптесім тілдесіп келді.   

Нұрлан Назымұлы Жақыпов  1961 жылы 8 тамызда  Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Бүгінгі күні өңіріміздегі облыстық балалар ауруханасында реанимация бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер.Еліміздің батыс өңірі Ақтөбе қаласында медицина институтын тәмәмдәп, 1985 жылы өзінің кіндік қаны тамған Петропавл қаласына келіп еңбек жолын бастаған.

НҰРЛАН ЖАҚЫПОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ РЕАНИМАЦИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Мен осы медицина саласына ойламаған жерден оқуға түскенмін. 10 сыныпты бітіріп, мед институт қабырғасында білім алып жүріп қана, осы мамандық менің жаныма жақын екенін түсіндім. Оқуымды бітірген соң өз өлкеме келіп жедел-жәрдем қызметінде 3жыл  істедім. Кейінен облыстық балалар ауруханасына ауысып, дәрігер ординатор болдым.

1998 жылы облыстық балалар ауруханасының реанимация бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады. Осы уақыт аралығында көптеген белестерді бағындырып, 2003 жылы «ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі» марапатына, ал  2014 жылы «Алтын дәрігер» атағына ие болды.  Емдеу мекемесінің жүрегі болып саналатын, ауыр жағдайдағы балаларға  көмек көрсететін реанимация бөлімшесінде істеу ең қиын жұмыстың  бірі. Бірақ Нұрлан Жақыпов өз ісінің хас шебері дейді әріптестері.

ОЛЕГ ЗАВЬЯЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

- Нұрлан Назымұлымен біз көптен  бері таныспыз. Менде реанимотологпын. Осы жұмыстың қандай ауыр екендігін де білемін. Бұл балалар ауруханасы. Сондықтан да, бұл жерде, дәл осы реанимация бөлімшесінде өте ауыр хәлдегі  бүлдіршіндер жатады. Олар ересектер сияқты қай жерінің ауырып жатқанын да дұрыс айта алмайды. Оның барлығын сезіп білу керек. Нұрлан Назымұлы міне сол балалардың көңілін тауып жүрген өте білікті маман. 

Нұрлан Жақыповтың  бөлімшесінде бүгінгі күні 10ға жуық анестезиолог-реаниматолог дәрігер жұмыс істейді. Үйретуден жалықпаған ол әріптестірінің арасында сыйлы. Білікті маман, мейірімді отағасы. Нұрлан Назымұлының бүгінде  3 баласы, 6 немересі бар. Өз ісінің хас шебері балаға деген махаббат арқылы оның өмірін сақтап қалуға болады дейді.

НҰРЛАН ЖАҚЫПОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ РЕАНИМАЦИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Балаларды жақсы көру керек. Оларды бар жән тәніңмен, асқан сүйіспеншілікпен емдесең міндетті түрде нәтиже болады. Бөлімшеге түскен әрбір баланың жанының ауырғанын сезу керек. Өйткені бізден басқа ешқандай дәрігер оларға қарай алмайды. Біздің бөлімшеге олар өмір мен өлімнің арасында жатқанда келеді. Жауапкершілік  пен жанашырлық қасиет болмаса, ондай дәрігер өз жұмысынан ләззәт ала алмайды.

Қазіргі таңда реанимация бөлімшесінде 4 бала өте ауыр хәлде жатыр екен. Өзінің жұмысына деген, балақайларға деген махаббатының арқасында Нұрлан Жақыпов   бүлдіршіндердің аяққа тұрып кететініне сеніммен қарайды.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар