ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ!

20:42, 30 маусым 2020

Коронавирусқа шалдыққан солтүстікқазақстандықтардың қатары күннен-күнге көбейіп барады. Кесел  жасты да, кәріні де аямауда. Қарапайым санитарлық нормалар мен карантиндік талаптарды елемегендер, COVID-19 вирусын жұқтырып жатыр. Өкінішке орай, өзгелердің қателіктері тұрғындарымызға сабақ болмай отыр. Бүгінгі уақыттың батырлары дәрігерлер де дабыл қағуда. Ақ халатты абзал жандар қоғамдық орындарға бармауға, сақтануға  шақырады.

Бүгінде дәрігерлер қауымы ел азаматтарының денсаулығы жолында уақытпен санаспай, қауіпті індетпен күресте бастарын қатерге тігіп, алдыңғы шепте жүр.  Коронавирустық инфекциядан сақтануға әр адам өзі үшін, отбасы үшін мүдделі болуы керек. «Сақтансаң, сақтайды» дегендей, алдын алу шараларына аса мән берген жөн, дейді мамандар.   

РУСЛАН ТАСО, № 3 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінде пневмания мен өткір респираторлық ауруларға шалдыққандар саны көбейді. Күніне 20 шақты адам хабарласады. Бұл әрине, коронавирус емес. Дей тұрғанмен, алаңдауға негіз бар. Жұқпалы дертке шалдықпау үшін, ең біріншіден денсаулығымызға  дұрыс қарауымыз қажет. Сондай-ақ, карантиндік талаптарды орындап, жақындарымызға жанашыр болуымыз керек. Үйде отырып, тиісті санитарлық талаптарды орындаған уақытта ғана бұл індет бізді айналып өтеді.

Алайда, қарапайым сақтық шараларын елемейтіндер же жоқ емес. Салдарынан коронавирусқа шалдыққандар көбеюде. Вирусты егде жастағылармен қатар,  мектепке дейінгі балалар да жұқтырып жатыр. Бүгінде өңірдегі балабақшаларда тек кезекші топтар  ғана жұмыс істеуде.   

БАЛҒЫН МУСИНА, «БАЛАУСА» БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Коронавирус инфекциясы таралғаннан бері, балабақшамыз кезекшілік режимде жұмыс істейді. Ата-аналары жұмыс істеген соң, балаларды мекемемізде қалдырады. Ата-ана, қызметкер ретінде үйде болуыңызды сұраймын.

Сақтық шараларын қатаң ұстансақ, індеттің таралуы тоқтайды. Осы ретте жақындарымызға жанашыр болуға шақырған жандардың  өтініші әр қайсының санасына жетеді деген үміттеміз.

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ 1300 ДӘРІГЕР, 1700 МЕДБИКЕ ЖЕТІСПЕЙДІ
20:35, 9 шілде 2020
КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ 1300 ДӘРІГЕР, 1700 МЕДБИКЕ ЖЕТІСПЕЙДІ
Толығырақ...
ЭПИДАХУАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:32, 9 шілде 2020
ЭПИДАХУАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР
17:15, 9 шілде 2020
КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
17:18, 8 шілде 2020
АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
Толығырақ...