ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ЖАСТАРДЫ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ

20:46, 14 қараша 2019

Жыл басынан бері облыста  Адамның иммун тапшылығы вирусы бар 141 тұрғын тіркелді. Мамандардың айтуынша, бұл  синтетикалық есірткі заттарының салдарынан болып отыр. Жастардың арасында  зиянды әдеттің алдын алу үшін облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызмет  сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті  «Жұқтырылған иммун тапшылығының синдромын алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандарымен бірлесіп Солтүстік Қазақстан университетінің колледжінде  шара өткізді.    

Есірткіге қарсы күрес елімізде үнемі жүргізілгенімен, зиянды заттардың түрлері көбейе түсуде. Синтетикалық есірткі сататын  сайттар туралы ақпаратты   көпқабатты үйлердің қабырғаларынан, асфальт бетінен және көшенің кез келген жерінен көруге болады.  Есірткі сататындармен күресу үшін ведомствоаралық бағдарлама да құрылды. Полицейлер күдікті 400 сайтты анықтап, оның 157-сін бұғаттады.   

МАРАТ ТӨЛЕБАЕВ, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Заңға синтетикалық есірткі туралы өзгерістер енгізілгеннен кейін, бұл заттарды таратып жүргендермен күресті күшейттік.  Есірткіні жасайтын зертхана мен 2 ірі тасымалдау жолы жойылды. 400 келі есірткі заттары тәркіленді.

Есірткіге негізінен жастар елітіп, тарату жолына түседі. Сондықтан, өскелең ұрпақтың арасында алдын алу шараларын жиі жүргізіп отыру өте маңызды.  

АЙНАШ САҒАНДЫҚОВА, СҚО ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Шара барысында студенттерге есірткінің зияны,  жұқтырылған иммун тапшылығының синдромын алдын алу туралы дәріс оқылып, қант диабеті мен бұл дертті болдырмау амалдары айтылды. Оған қоса, кез келген студент  мамандардың көмегімен экспресс тесттен өтіп, қанның құрамындағы қант мөлшерін, және жұқтырылған иммун тапшылығының синдромына тексере алды.

АЗАТ КҮЙТАНОВ, СТУДЕНТ:

- Фаст-фудты ұнатамын.   Бүгін колледжге келген мамандардан экспресс-тесттан өтіп қан  құрамындағы қант мөлшерін білдім. 5,8 екен. Бұл қалыпты дейді олар.  Дегенмен диабетті болдырмау үшін зиянды тамақтарды аз жеу керек. 

Мамандардың айтуынша, әдетте қарт адамдарға  тән  қант диабеті бүгінде жастар арасында да кездеседі. Бұл  фаст-фуд, газдалған сусындар мен тағы басқа зиянды тағамдар   салдарынан. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ КӨЛІКТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
18:01, 27 қараша 2019
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ КӨЛІКТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...