ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫНА ТӘУЛІГІНЕ 600 ШАҚЫРТУ ТҮСЕДІ

20:39, 25 маусым 2020

Облыстық жедел жәрдем орталығында 13 дәрігер, 179 фельдшер және 125 жүргізуші тынбай еңбек етуде. Иығына ауыр жүк артылған мамандар бір тәулікте 1 мыңға жуық қоңырау қабылдаса, 600 шақыртуға барып үлгереді. Тіпті араларында коронавирус жұқтырып, сырқаттанғандар да бар. Бүгінгі күннің батырларымен әріптесім Майгүл Сейілбек тілдесіп қайтты.

МАЙГҮЛ СЕЙІЛБЕК, ТІЛШІ:

- Көзге көрінбейтін жаумен күресіп, алдыңғы шепте жүргендердің бірі ол жедел жәрдем орталығының мамандары. Себебі, бұл жандар күн-түн демей тұрғындардың шақыртуларына барып, өз өмірлерін де үлкен қауіп-қатерге тігіп жүр. Алайда, ақ халаттылар бұл біздің халық алдындағы борышымыз дейді.  

Ердос Алтаев облыстық жедел жәрдем орталығының фельдшері. Оның бұл жерде жұмыс істеп жүргеніне 1 жыл болған. Пандемия басталғалы бері өз міндетін абыроймен атқарып жүрген жас маманның айтуынша ақ халаттылар әр шақыртуға осындай қорғаныш костюмін және екі дана қолғапты 5-10 минутта киіп үлгеруі керек екен.Сонымен қатар, жұқтырып аламын-ау деп қаншалықты қорықсаң да ең алдымен сабырлы әрі салқынқанды болу қажет дейді Ердос.

ЕРДОС АЛТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ФЕЛЬДШЕРІ:

- Ауырып қалған адамдардың саны күннен-күнге өсіп келе жатыр. Жағдайға қарап әр вызовқа осындай противочумный костюммен баратын болдық.Вызовқа бара жатқан кезде де біз білмейміз қандай науқасқа бара жатқанымызды. Бірінші шағымдары КВИ кәдімгі ОРВИ секілді, температура бір жұмадай 37-38 аралығында, отдышка болуы мүмкін. 

Ал, бұл Евгений Игнаткин. 20 жылдан бері дәрігерлерді науқастарға жылдам жеткізіп жүрген жедел жәрдем көлігінің жүргізуші өзінің және әріптестерінің өмірі үшін қауіптенеді. Себебі, аса қауіпті жұқпалы аурумен сырқаттанған адамды ауруханаға тасымалдайтын өздері. Тәжірибелі маман вирус тарала бастағалы бері мұндай шұғыл әрекеттерге бірнеше рет қатысып, жерлестеріміздің өміріне араша түскен.

ЕВГЕНИЙ ИГНАТКИНОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:

- Өткен кезекшілігімде ауданнан туған-туысқандарына қонаққа келген әйелдің дене қызуы көтерілді деп, шақыртуға шыққан едік. Арнайы киім киіп, науқасты провизорлық орталыққа апардық. Өкінішке орай талдамасы оң нәтижені көрсетті. Сол себепті, әрине өзіме де ең алдымен үлкен қауіп төніп тұр. Себебі, қазіргі таңда біздің 4 бірдей әріптесіміз науқастанып қалды. Әрине, мұндай жағдай кез келген адамның басына тап болуы мүмкін. Осы орайда көлік жүргізушілерінен жедел жәрдем көлігінің дабылын ести салысымен жол берулерін сұраймыз. Өйткені бұл көмек сіздің жақындарыңызға керек болуы мүмкін.

Қазіргі таңда жәдел жәрдем орталығының 4 маманы өзге жанға көмекке асығамын деп ковид-19 вирусын жұқтырған. Орталық бас дәрігерінің сөзінше олардың жағдайы тұрақты, тиісті түрде ем алуда.

Жалпы, қазіргі таңда орталыққа бір тәулікте 1мыңға жуық қоңырау түссе, мамандар 600 шақыртуға барып үлгереді. Дәрігерлердің сөзінше бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда   екі есе көп. Мұнымен қоса санитарлық авиацияның да жұмысы артқан. Тек жарты жылдың ішінде алыс-шалғай аудандарға әуедегі медициналық көмек көлігі 282 рейс жасаған.

АСХАТ ӨТЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

-  Қазіргі таңда осы облысымызда қала бойынша 15 бригада жұмыс істейді. Қосымша 1 бригада қосылды. Сонда жалпы саны 16 болды. Мұнымен қоса 4 емханада 9 жедел жәрдем көлігі бар.1,46 Шақырулардың көбісі температураның көтерілуіне байланысты. Сол ебепті халыққа айтарым сізде қорықпаңыздар. Жедел жәрдем сізге міндетті түрде жеиеді. Тек сабырлық пен тсүіністік таныту қажет. 

Орталықта жұмыс істейтін барлық мамандар қорғаныш киімімен қамтамасыз етілген. Жақын уақытта қосымша кадрлар қосылып, жаз мезгілінің соңына дейін 18 су жаңа көлік әкелінеді деп жоспарлануда.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ 1300 ДӘРІГЕР, 1700 МЕДБИКЕ ЖЕТІСПЕЙДІ
20:35, 9 шілде 2020
КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ 1300 ДӘРІГЕР, 1700 МЕДБИКЕ ЖЕТІСПЕЙДІ
Толығырақ...
ЭПИДАХУАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:32, 9 шілде 2020
ЭПИДАХУАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР
17:15, 9 шілде 2020
КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
17:18, 8 шілде 2020
АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
Толығырақ...