ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ЖОЛАУШЫЛАР ЖАРАҚАТ АЛДЫ

20:45, 1 шілде 2019

Өткен жексенбі қоғамдық көліктің қатысумен жол көлік оқиғасы тіркелді. Нәтижесінде 4 адам ауруханаға түсіп, тағы 4 кісі түрлі жарақаттармен амбулаторлық ем қабылауда. Оқиға күндізгі сағат 12-лер шамасында Ярослав Гашек  көшесінде болған. Жол бойымен келе жатқан 8м маршрут бағанға соғылыпты. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Қоғамдық көлік жүргізушілері жолға шықпас бұрын таңертең дәрігерге қаралып, көлікке отыруға рұқсат алады. Маусымның 30-ы 8м маршрутының жүргізушісі де дәл осы рәсімнен өткен. Алайда, түскі сағат 12-лер шамасында тынысы тарылып, басы айналып, аялдамаға жетпей жақын маңда тұрған электр бағанына соғылған.

ШӘМШИДЕН АҚЫШОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ЖПҚ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

2019 жылы 30 маусым күні сағат 12-лер шамасында Петропавл қаласы Я.Гашека көшесінің бойында маршрутный автобус жүргізуші өзінің денсаулығына байланысты нашар сезініп, көшеде тұрған столбыға соқтығысқан. Соның кесірінен 2 адам ауруханаға түскен. Бұл факт бойынша әкімшілік материалдар жиналуда.

Апат болған кезде автобустың ішінде 15 жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан ауруханаға түрлі жарақаттармен 9 адам шағымданған.

ВАЛИ БЕДЕШЕВ, 3-ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ЖАРАҚАТ АУРУЛАР БӨЛІМШЕСІНІҢ ДӘРІГЕРІ:

Жүргізушінің айтуынша көзі қарауытып, аздап басы айналған. Тексеру нәтижесінде қан қысымы жоғарылағанын анықтадық. Травматология бөлімшесіне 2 науқасты жатқыздық, 4-і амбулаторлы түрде ем қабылдайтын болады. Сонымен қатар, тағы 2 адам жақ-бет хирургиясына жатқызылды.

Жалпы жыл басынан бері қоғамдық көліктің қатысуымен 4 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Адам шығыны жоқ

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...