ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ Толығырақ

ЖЫЛ БАСЫНАН 31 ЖЕРЛЕСІМІЗДІ ҮСІК ШАЛҒАН

20:40, 14 қаңтар 2021

Жыл басынан 31 жерлесімізді үсік шалған. Жалпы қазіргі таңда қалалық көпсалалы ауруханасының жарақат бөлімінде 17 адам ем алуда. Мамандардың сөзінше медицина саласының дамуына байланысты аяқ-қол ампутациясы секілді оталардың саны әлдеқайда қысқарыпты.  Бүгінгі күні операция жасаудың орнына замануи дәрі-дәрмекпен емдеу тәсілдері қолданылуда.

Жыл басталғалы бері көпсалалы қалалық аурухананың жарақат бөлімі мамандарының  көмегіне  1000-ға жуық жерлесіміз жүгінген.  Соның 31-ін үсік шалса, қалғандары түрлі дене жарақатын алған. Қатты аязға байланысты дәрігерлер тұрғындарды сақ болуға шақырады. Мамандардың сөзінше аяқ-қолын үсік шалатындардың басым көпшілігі әлеуметтік осал топқа жатады.

ВАЛЕРИЙ ГРИБАШОВ, КӨПСАЛАЛЫ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ЖАРАҚАТ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Үсік шалудың басты себебі ол ең алдымен далада ұзақ уақыт жүру, дұрыс тамақтанбау және жылы киінбеу. Өкінішке орай үсік шалғандардың басым бөлігі спирттік ішімдікке сылқия тойып алып, түн ішінде далада ұйықтап қалғандар. Сонымен қатар, бұл қатарға тұрақты мекен-жайлары жоқ азаматтар жатады. Қазіргі таңда біздің бөлімде осндай 17 адам ем алып жатыр. Оларға тиісті ем-дом көрсетілуде. Керек болып жатса ампутация жасайтын боламыз.

Үсік шалған адамның жағдайы 7 тәуліктен кейін ғана белгілі болады. Алған жарақатына қарай ампутацияға қатысты шешім қабылданады. Дәрігерлер мұндай аязды ауа – райында үйден тек аса қажет болған жағдайда шығу керектігін ескертеді. Жалпы мұндай күрделі ота жасау жылдан-жылға азайып келеді дейді дәрігерлер.

ВАЛЕРИЙ ГРИБАШОВ, КӨПСАЛАЛЫ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ЖАРАҚАТ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Әрине жыл сайын ампутация жасау азайып келеді. Соған қарамастан, кейбір кездері шұғыл түрде отау жасау керек болатын жағдайлар да бар. Мәселен, қазіргі таңда біздің бөлімшеде жаңа жылдық кеште жолдасымен бірге алкоголь ішкен келіншек жатыр. Ол күйеуімен ұрсысып қалған, кейін ер адам оны мүлдем үйінен қуып шыққан. Азаматша екі аптадан бері ем қабылдап жатыр, жағдайы қанағаттарлық.

Үсік шалғандармен қатар мамандардың сөзінше түрлі дене жарақаттарын алғандар да баршылық. Сол себепті дәрігерлер солтүстікқазақстандықтарды абай болуға шақырады.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 110 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
17:19, 26 қаңтар 2021
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 110 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ
17:17, 26 қаңтар 2021
КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ
Толығырақ...
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 107  АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
17:17, 25 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 107 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 21 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРСЫ
17:19, 21 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ...
Толығырақ...