ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

25 ПОЛИЦЕЙ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

20:42, 14 қазан 2020

Солтүстікқазақстандық 25 полицей "Халық алғысы"медалімен марапатталды. Тәртіп сақшылары төтенше жағдай кезінде халық игілігі үшін еңбек еткен. Олар коронавируспен күрес кезінде дәрігерлермен бірге  алдыңғы шепте жүрген қызметкерлер.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен коронавируспен күресте ерекше көзге түскен 25 солтүстікқазақстандық полицей марапатталды. Қызметкерлер төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз еткен. Блок-бекеттерде тәулік бойы кезекшілікте тұрып, карантиндік аймақтарды күзетіп, байланыста болған адамдардың мекен-жайларын  анықтаған.

МАРАТ ТӨЛЕБАЕВ, СҚО ПД БАСТЫҒЫ:

Біздің қызметкерлер карантин басталған күннен бастап күні-түні қызмет етті. Дәрігерлерге де  көмектесті. Жедел әрі ұйымдасқан әрекеттің арқасында облысымызда коронавирус індетінің таралуына жол бермедік. Алғы шепте жүріп, жұмыс істеген мамандарға алғыс айтамыз.  

Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов, Тайынша және Мамлют аудандарының  бөлім басшылары мемлекеттік наградаларға ие болды. Бұл күні  ПД медицина қызметінің өкілдері-бөлім басшысы Сергей Федоров пен емхана госпитальінің  зертханашысы Наталья Бубенконың  да еңбегі еленді. Наталья Бубенко осы салада 13 жылдан бері қызмет етіп келеді. Төтенше жағдай кезінде барлық полиция нысандарына барып, ПТР талдауларын жүргізуге қатысқан. Аурухана мен емхананың медицина қызметкерлері 1,5 мыңнан астам зерттеу жүргізген.

НАТАЛЬЯ БУБЕНКО, СҚО ПД МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ КЛИНИКАЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ФЕЛЬДШЕР-ЗЕРТХАНАШЫСЫ

Басшылыққа біздің еңбегімізді бағалап, елегендеріне алғыс айтамын. Карантин кезінде тек мен ғана емес, менің басқа да әріптестерім тынбай еңбек етті. Әрине, жұмысымыз оңай емес. Алайда біз бұл мамандықты өзіміз таңдадық. Сондықтан да, еш мойымай және қорқпауымыз керек.

Бұл марапаттар полицейлердің коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты жағдайды тұрақтандыруға қосқан ерекше үлесін мойындау болып табылад

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
20:47, 22 қазан 2020
«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...