ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ Толығырақ

30 ЖЫЛ ҚҰЖАТСЫЗ ЖҮРГЕН

13:07, 17 наурыз 2020

Қазақстанда 30 жыл құжатсыз тұрып келген Мағжан Жұмабаев ауданының үш тұрғыны «Жолда қабылдау» акциясы барысында алғаш рет ЖЕКЕ КУӘЛІКТЕРІН алды. Өңір полицейлері респуликалық акцияның он екінші кезеңін қорытындылады. облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалы.

«Жолда қабылдау» акциясы әдеттегідей екі күн бойы өткізілді. Оның мақсаты – учаскелік полиция инспекторларының, патрульдік, әкімшілік полиция, көші-қон қызметінің жұмысы бойынша азаматтардан келіп түскен сұрақтарға жауап қатып, кеңес беру. 69 жастағы Михаил Суровежко акцияның алғашқы күні келді. Михаил Николаевич – тәжірибелі жүргізуші, жарты ғасырға жуық уақыт көлік тізгінінде. 1971 жылдың ақпанынан бастап бір кәсіпорындағы автобустың жүргізушісі болып қызмет атқарып келеді. Ардагер Nur Otan партиясына келіп, полиция қызметкерлерінің жұмысына алғысын айтты.

МИХАИЛ СУРОВЕЖКО, ҚАЛААРАЛЫҚ  АВТОБУС ПАРКІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:

-  Біз алыс сапарға шығып, жолаушыларды тасымалдаймыз. Олардың арасында әйелдер мен балалар да болады. Жол үстінде түрлі жағдай туындауы мүмкін. Полицияға қоңырау шаламыз, бірден келіп көмектерін көрсетеді. Қажетті техниканы ұйымдастырады. Жүру мүмкін болмаған жағдайда төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге түнейтін орын іздеп, жолаушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етеді.

Апалы-сіңлілі Нұғымановтар Омбы облысында дүниеге келіпті. Олар Қазақстанға ата-аналарымен бірге 1990 жылы қоныс аударған. Ауылды жерде тұрып келген ағайынды қыздар құжаттардың келешекте қажет болатындығына мән бермепті. Осылайша құжаттарға қажеттілік туындағанда олар «Жолда қабылдау» акциясы барысында СҚО Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевқа жүгінді. Кейін белгілі болғандай бұған туу туралы куәліктерінің жоғалуы, Ресей тарапынан қажетті жауаптың келмеуі себеп болыпты. СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Ресейдегі ҚР елшілігі мен адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюромен байланысқа шығып, қыруар жұмыс атқарды. Полицейлер Дариха, Кәмеш, Дәния Нұғымановаларды Көші-қон қызметі басқармасына шақырды. Ауыл тұрғындарына жеке куәліктерін алуға жолдама құжаты берілді. Енді олардың көптеген пробемалары шешілмек. Мәселен, әйелдердің бірінің ұлы колледжге оқуға түспек.

АЛТЫНБЕК ЖАМАЛИЕВ, СҚО ПД ПРОЦЕССИНГТІК ОРТАЛЫҒЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Осы акция полицияның фронт-кеңселерінде, Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауында және учаскелік полиция пункттерінде «Аулаларда қабылдау» акциясы өткізілуде. Бұрын өткізілген 11 акция барысында облыс полицейлері өңір азаматтарының 4 мыңнан астам сұрақтарына жауап берді.

Екі күнде тәртіп сақшыларына солтүстікқазақстандықтардан 197 сұрақ келіп  түсті.

Тақырып бойынша материалдар

КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ТОҚТАТЫЛДЫ
20:41, 27 наурыз 2020
КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...