ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!

20:42, 26 наурыз 2020

Өңірдің тәртіп сақшылары мереке күндері короновирус індетін желеу еткен айланысты бірден екі алаяқтық фактісін тіркеді. Оның бірі – интернет-алаяқтық болса, екінші жағдайда қылмыскерлердің құрығына зейнеткерлер іліккен. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалында толығырақ.

Петропавл қ. Полиция басқармасына интернет-алаяқтарға алданып қалған жеке кәсіпкер жүгінді. «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы сұлулық салонына арналған өнімдерді сатумен айланысатын ол 7 мың дана медициналық масканы сатып алмақ болған. Сатып алудың барлық шарттарын орындап болған соң, өзінің банктік картасынан тауарды жеткізушінің шотына 400 мың теңге көлеміндегі соманы аударады. Алайда жеткізушілер ақшаны алған соң, байланысқа шықпай қойған. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

ДАНИЯР ҒАЛИАҚПАРОВ, ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағы «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ақпараттық жүйе арқылы интернет-дүкендерде мәміле жасасқанда бейтаныс адамдарға сенбеген абзал. Ең алдымен аккаунтардың қай күні ашылғанын, олардың жұмысын алдын ала біліп алған дұрыс. Сондай-ақ, жариялаған посттарымен, алдында жеткізілген тауарлар бойынша адамдардың жазған пікірлерімен танысу қажет.

Сондай-ақ, алаяқтың құрбаны болған петропавлдық тағы екі тұрғыннан арыз келіп түсті. 76 жастағы зейнеткер әйелдің айтуынша,  күтпеген мейман өзін волонтермін деп таныстырып, Наурыз мейрамына орай әкімдіктің атынан мың теңге тарту етпекші болған. Зейнеткерді азық-түлік пакетінің берілетініне және оны өзі келесі күні әкелетініне сендірген. 

ДАНИЯР ҒАЛИАҚПАРОВ, ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Қаскөй әйел әжейге кейін анықталғандай, жалған кәдесый бес мың теңгені беріп,  қалған ақшаны қайтарып беруді өтінген.  Еш нәрседен күмәнданбаған зейнеткер жалған кәдесый ақшаны алып, 4 мың теңге қайтарып береді.  Бұдан бөлек, әжейдің сеніміне кірген қаскөй әйел одан  жалған екі мың теңгені айырып алады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190 және 187-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осыған байланысты барлық азаматтарды сақ болуға және  егде жастағы туған-туыстарыңызды алаяқтардың әрекеті туралы ескертуге шақырамыз.

Ұқсас жағдайды басқа әйел де басынан өткерді. Полиция қызметкерлері алаяқтық жасаған күдіктіні бір тәулікке жетпес уақытта анықтап, қолға түсірді. Алаяқтық және ұсақ ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК 190 және 187-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  Ұсталғанға қатысты «міндетті келу» бұлтартпау шарасы белгіленді. Сақшылар азаматтарды сақ болуға және егде жастағы туыстарды алаяқтардың әрекеті туралы ескертуге шақырады. Алаяқтар сенгіш азаматтарды құрығына түсіру үшін коронавирустың таралуына қатысты туындаған жағдайды пайдалана отыра, түрлі оқиғаларды ойдан шығарып айлаларын жүзеге асыруы мүмкін.

Тақырып бойынша материалдар

КӨЛІКТІ ЗАҢСЫЗ ҚАЙТА ЖАБДЫҚТАҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ
20:41, 26 мамыр 2020
КӨЛІКТІ ЗАҢСЫЗ ҚАЙТА ЖАБДЫҚТАҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар