ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ Толығырақ

АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ!

17:19, 23 қазан 2020

Облыс аумағында көктайғақ болуы  мүмкін. Полицейлер автокөлік иелеріне қысқа ертерек қамдануға кеңес берді. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары жолда аса қырағылық таныту керектігін еске салды.

Жыл басынан СҚО-да 124 ЖКО орын алған, 21 адам қайтыс болып, 165 адам жарақат алған. 114 оқиға жүргізушілердің, 10-ы жаяу жүргіншілердің кінәсынан болған. Жол-көлік оқиғасының қаупін төмендететін қарапайым ережелерді есте сақтаған жөн дейді Жергілікті полиция қызметі басқармасында. Ең бастысы — жылдамдықты азайтып, арақашықтықты сақтау керек. ЖКО көбі көктайғақ кезінде алдында кетіп бара жатқан көліктің шұғыл тоқтауынан болады. Әзірге мүмкіндік бар кезде көлік құралының техникалық жағдайын қайта тексерген жөн. Сонымен қатар полицейлер бұдырланған шиналармен жабдықталған автокөліктерде «Ш» белгісін елеу қажеттігіне кеңес береді. Бұл белгі автокөлікті тежеген уақытта сіздің көлігіңіздің қалай тоқтауына байланысты жол қозғалысының басқа да қатысушыларына дұрыс шешім қабылдауына септігін тигізеді.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Жергілікті полиция қызметі басқармасы автокөлік иелерін көліктеріңізді қысқы дөңгелекке ауыстыруларыңызды сұрайды. Дөңгелектерді уақытылы аучтырған жағдайда ауа райының қолайсыздығына қарамастан жүргізуші көлігін сенімді жүргізуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және көлік құралының техникалық жағдайына аса назар аударуыңызды сұраймыз.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«МАЛ ҰРЫСЫ» ОПЕРАЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:42, 23 қараша 2020
«МАЛ ҰРЫСЫ» ОПЕРАЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ГАРАЖ ҰРЛАП, МЕТАЛЛ ҚАБЫЛДАУ ПУНКТІНЕ ТАПСЫРҒАН
20:38, 19 қараша 2020
ГАРАЖ ҰРЛАП, МЕТАЛЛ ҚАБЫЛДАУ ПУНКТІНЕ ТАПСЫРҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...