ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

АДАМ ӨМІРІНЕ АРАША ТҮСКЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

21:16, 16 мамыр 2019

Адам өмірін сақтап қалған тәртіп сақшыларының  еңбегі еленді. 14-ші мамыр күні Тайынша ауданында оқушылар мінген газель автокөлігі жанып кеткен болатын. Көліктегі 11 оқушының өмірін  аман алып қалған полицейлер департаменттің  арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.

Бүгінгі күннің 3 батыры Жігер Балтабай, Батырхан Молдажаров пен 1 ай бұрын жардан құлағалы тұрған қызды құтқарып қалған Денис Комаров арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Тәртіп сақшыларын полия ардагерлері мен департамент бастығы Марат Төлебаев құттықтап, мақтан ететіндіктерін айтты.

МАРАТ ТӨЛЕБАЕВ, СҚО ПД БАСТЫҒЫ:

- Жас мамандарға үлгі етерліктей іс жағана біздің қызметкерлерді шын жүректен құттықтаймын. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Полиция департаменті сіздермен мақтанады.

Осыдан екі күн бұрын Тайыншада аудандық білім беру бөліміне тиесілі көлік толығымен жанып кеткен болатын.Шағын автобустың ішінде болған 11 оқушы мен бір ересек адамды полиуейлдер құтақырп қалды. Балалар  Петропавл қаласынан полицейлердің қарауымен жолға шығыпты. Қызыл жалынның белгілерін байқаған тәртіп сақшылары  бірден өрт сөндіру бөліміне хабар беріп, өздері алғашқы көмек көрсеткен. Солардың бірі- Батырхан Молдажанов. Полиция саласында 5 жылдық тәжірибесі бар ол, биыл қыс мезгілінде аязда қалып, үсік шалған автокөлік жүргізушісін де аман қалып қалғанымыз есімде дейді.

БАТЫРЖАН МОЛДАЖАНОВ, СҚО ПД ЖПБ ИНСПЕКТОРЫ:

- Жолға шыққанда екі автобустың біреуі артта қалып қойғанын байқадық. Түтін шыққасын бірден көліктен балаларды қауіпсіз жерге шығарып, өрт сөндіргішпен қызыл жалынның алдын алмақ болдық. Бірақ жел болғандықтан қызыл жалын өрши түсті. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл менің қызметтік қана емес, азаматтық борышым деп ойлаймын.

Кез-келген тұрғынға көмектесіп, төтенше жағдайда оқиға орнынан табылу біздің азаматтық борышымыз дейді тәртіп сақшылары.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС АУМАҒЫНДА 721 ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛГЕН
20:38, 14 тамыз 2019
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА 721 ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар