ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ Толығырақ

АҚША БОПСАЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

20:44, 5 тамыз 2020

Шілде айының басында облыс орталығында полицейлер қорқыту арқылы ақша бопсалаған күдіктілерді ұстады. Бұл операция Жамбыл және Попов көшелерінің қиылысында орын алып,  оған тұрғындар куә болған еді. Қазіргі таңда аталған фактіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.  Толығырақ облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалында.

Күдіктілер петропавлдық азаматты  қорқытып ақша бопсалаған. Жәбірленушінің айтуынша, оған таныстары желтоқсан айынан бастап қысым көрсетіп келген. Олар  аз уақыттың ішінде  150 мың теңге  тауып бер депталап еткен. Ер адам облыстық криминалдық полиция басқармасына жүгінген.

- Можете пояснить, с какой целью с собой холодное оружие носите? — Колбасу резать. — Я вас понял. Саныч! Из правого кармана джемпера изъято.

Күдіктілер – облыс орталығының 1982 және 1989 жылдары туған екі тұрғыны. Ұсталғандар тергеу изоляторына қамалды.

МАДИЯР ХАРИПОВ, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл қаласының бұрын сотталған 1982 және 1989 жылдары туған екі тұрғыны ұсталды. Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Күдіктілер 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін. Тергеу амалдары жүргізілуде, оның барысында аталған қылмыстық істің мән-жайлары анықталатын болады. Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысы аумағында бопсалауға қатысты 3 факті тіркелді, оның біреуі сотқа жолданды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНАН 36 ГРАММ ГЕРОИН ТАБЫЛДЫ
20:53, 30 қыркүйек 2020
ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНАН 36 ГРАММ ГЕРОИН ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...
ҚАРИЯНЫ ҚҰТҚАРҒАН ЖІГІТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
17:21, 29 қыркүйек 2020
ҚАРИЯНЫ ҚҰТҚАРҒАН ЖІГІТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
«ҚАРУ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
20:36, 28 қыркүйек 2020
«ҚАРУ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...