ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ

20:38, 13 қыркүйек 2019

Соңғы кездері жұрттың маңдай тер, табан ақымен тапқан ақшасына көз алартқан алаяқтар көбейіп кетті. Бірі бұл мақсатта интернетті қолданса, енді бірі телефон арқылы арам ойларын іске асырып жүр. Мәселен қылмыскер өңір тұрғынына  телефон арқылы хабарласып, өзін банктің маманы деп таныстырады.  Кейін түрлі сылтаулар айтып,  смс арқылы келген құпия нөмірді сұратады. Айтқан жағдайда алаяқтың құрбанына айналып, есепшотындағы ақшадан қағылады немесе оның атына заңсыз несие рәсімделеді екен.  

Бір-екі күн бұрын ват-сап пен инстаграм  желісі арқылы осындай ақпарат тарап кетті.  Жалған менеджерлер  өңір тұрғындарына хабарласып,  өздерін каспий банктің маманымыз деп таныстырған.  Сөздері дәлелді блу үшін адамның  шотындағы соңғы жүргізілген барлық операцияларды айтып береді. Кейін клиенттің атына дәл қазір белгісіз біреулердің несие рәсімдеп жатқанын ескертеді. Немесе жеке шоттан ақша алынып жатыр дейді. Оны болдырмау үшін  телефонға келген смстегі кұпия кодты айтуды сұрайды. Мамандар құпия кодты ешкімге айтуға болмайтынын тағы ескертеді. Қыркүйектің 12-сі, бір күннің ішінде полицияға алаяқтардың құрбаны бола жаздаған 6 бірдей адам хабарласқан.  

МАДИЯР ХАРИПОВ, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ:

- Факті бойынша, 5 азамат құпия нөмірлерін айтпаса, біреуі 4 нөмірді айтып, оның шотынан 10 000 теңге алынды. Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 190 бабының 2 бөлігі бойынша іс қозғалып, тексеріс жүргізіліп жатыр. Алаяқтардың телефон нөмірлері сөндірулі. 

Тәртіп сақшылары  интернет алаяқтардың тұзағына түсіп қалмау үшін белгісіз адамдарға жеке ақпаратты,  смс арқылы келген құпия нөмірлерді айтпауды ескертеді. Біз каспий банктің атына ресми хат дайындап, болған жайтты түсіндіруді сұрадық. Жауабын міндетті түрде жариялайтын боламыз.  

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ ТАРАТУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
17:55, 4 қараша 2019
СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ ТАРАТУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
21:05, 6 қараша 2019
СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
Толығырақ...
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
17:58, 5 қараша 2019
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Толығырақ...