ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ Толығырақ

АЛАЯҚТЫҢ АРБАУЫНА ТҮСКЕН

17:21, 14 қаңтар 2021

Оңай жолмен олжаға кенелмекші болған. Петропавл тұрғыны алаяқтардың құрбанына айналды. Оқиға өткен жылдың қараша айында орын алыпты.

32 жастағы әйел әлеуметтік желі арқылы белгісіз жанмен танысып, ол оған Ресейдің «Газпром» компаниясы акция өткізіп жатыр. Яғни, 150 АҚШ доллар салып, қысқа уақыттың ішінде 450 АҚШ долларын аласың деп айтқан.  Нәзік жанды көп ойланбастан ақша аударып жіберген. Алайда, бейтаныс адам біраз уақыттан кейін байланысқа шықпай қойыпты.  Осылайша алаяқтың арбауына түскен әйел полицияға екі айдан кейін ғана шағымданған. Қазіргі таңда бұл факті бойынша жедел тергеу іс-шарасы өтіп жатыр.

ВИТАЛИЙ ПОДЧЕРНИН, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

«Қазіргі таңда «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Интернет-алаяқтық соңғы уақытта ең көп таралған қылмыс түрлерінің бірі болып қала береді. Осындай жағдайға тап болсаңыздар  бірден полицияға хабарласыңыздар. Көп созудың қажеті жоқ. Себебі оларды қолға түсіру өте қиын.»

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«АВТОБУС» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
20:37, 25 қаңтар 2021
«АВТОБУС» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 21 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРСЫ
17:19, 21 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ...
Толығырақ...