ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

АУДАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

20:44, 14 қараша 2019

Айыртау ауданы Арықбалық ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы  халық алдында  есеп берді. Жиынға облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев қатысты. Сондай-ақ, облыстың бас полицейі  азаматтарды  жеке қабылдады.

Петропавл мен Арықбалық  ауылының арасы 270 шақырым. Өткен сәрсенбі күні облыстық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев жұмыс сапары аясында ауылдық тұрғындармен кездесті. Атқарылған  жұмысы жайында учаскелік полиция инспекторы Абылайхан Рамазанов, аудан әкімі Бейбіт Исманов, аудандық полиция басшылығы мен ауыл тұрғындары алдында алдында есеп берді. Ауылдық округ құрамына 3 мыңнан астам тұрғыны бар 6 елді мекен кіреді. Арықбалық ауданы жаз мезгілде көп  туристті қабылдайтынына қарамастан - бұл жерде қылмыстық ахуал тұрақты.  Марат Төлебаев мал ұрлығы мен атыс қаруының иелерінің құқық бұзушылық фактілерінің алдын алуды күшейтуді тапсырды. Облыстық полиция бастығы интернет-алаяқтықтың алдын алуға да тоқталды.

МАРАТ ТӨЛЕБАЕВ, СҚО ПД БАСТЫҒЫ:

- Көптеген адамдар, әсіресе ауыл тұрғындары алаяқтардың  арбауына оңай түседі. Мысалы, олар қоңырау шалып,   «Сіздің ұлыңыз ұсталды, бірақ шотқа ақша аударсаңыз, біз сіздің ұлыңызды босатамыз»- деп айтады. Әсіресе қарттар  сеніп, сан соғып қалады. Сондықтан абай болыңыздар.

Есеп беру кездесуінен кейін Марат Төлебаев азаматтарды жеке қабылдады. Сұрақтардың бірі демалыс орындары жанында патрульдеуге қатысты қойылды. Бейбіт Исманов пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Абылғазы Ғабдуллин   жиында көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынып, жақын арада олардың шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді. Жиын соңында  полиция департаментінің мәдени орталығының полицейлері ауыл тұрғындарына өз өнерлерін паш етті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...