ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН АЛДАП КЕЛГЕН

20:42, 30 наурыз 2020

Петропавл полицейлері ауыл тұрғындарынан бірнеше рет ақша олжалаған алаяқты ұстады. Жәбірленушілер өздерінің атына біреудің несие ресімдегені туралы білмеген. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі әзірлеген бейнематериалға назар аударайық.

- SMS-код пришел, затем удостоверение вставил, отсканировал… Деньги вытащил и все.

Алаяқтың әрекетінен зардап шеккен бірнеше аудан тұрғыны полицияға жүгінді. Тексеріс барысында барлық жағдайдың «Океан» сауда үйі маңында болғаны анықталды. Қаскөй әдейі ауыл тұрғындарын таңдап, арам ойын жүзеге асыру үшін  әңгімеге тартқан. Түрлі себеп айтып,  ауыл тұрғындарын «Кредитомат» фирмасының терминалдарына апарып, олардың  атына жылдам несие ресімдеген. Жәбірленушілердің бірде-біреуі бұл компания жайлы және терминалдарының жұмысы туралы білмепті.

ҮМІТБЕК ФАРХАДОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ЕКІНШІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ  ТЕРГЕУ БӨЛІМШЕСІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ: 

- Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде аталған қылмыс жасағаны үшін бұрын мүліктік қылмыстар жасап, бірнеше рет жауапқа тартылған 1981 жылғы Петропавл қ. тұрғыны анықталды. Аталған факті ҚР ҚК 190-бабы 3-б. «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Полицейлер алаяққа алданып қалмас үшін жеке құжаттар мен мәліметтерді бейтаныс адамдарға бермеуге, несие беретін белгісіз терминалдарды пайдаланар алдында тексеріп алуға кеңес береді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
20:53, 7 тамыз 2020
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
Толығырақ...
ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ
17:15, 7 тамыз 2020
ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН...
Толығырақ...