ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ Толығырақ

«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

20:47, 22 қазан 2020

21 қыркүйектен ел аумағында «Автобус» алдын -алу профилактикалық  іс-шарасы басталды. Полицейлер жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық көлік жүргізушілерінің тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтың алдын-алу  жұмыстарын күшейтті. ПД баспасөз-қызметінің материалында.

Акция аясында 400 полиция қызметкері мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері автобус жүргізушілерін тексерді. Олардың жол ережелерін сақтауын, жұмыстарының ұқйымдастырылуын, көлікті техникалық байқаудан өткізулерін басты назарға алды.

АЗАМАТ ЖАМЫҚОВ, ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Қоғамдық көлік жүргізушілері арасында көліктік тәртіпті күшейту, жазатайым оқиғаларды азайту мақсатында СҚО аумағында 21-23 қазан аралығында «Автобус» жедел алдын-алу профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шара барысында полицейлер  мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге автокөліктердің техникалық және санитарлық жағдайын, электр жабдықтары мен жылу жүйесін тексереді.

 «Автобус» жедел алдын-алу іс-шарасының алғашқы күнінде СҚО жолдарында қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан 88 құқықбұзушылық анықталған. Олардың 30-ы көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдаланған, 12-сі  жол ережесін  сақтамай маневр жасаған, сондай-ақ  6-ы жылдамдықты асыру фактісі.

ГАЛИНА СЕМЕНОВА, «СҚО АВТОКӨЛІК ОДАҒЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қауымдастық өкілдері де полицейлермен  алдын-алу іс шарасына қатысуда. Шараның мақсаты жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Петропавлдағы барлық қоғамдық көліктер тексерілуде. Құқықбұзушылықтар анықталып жатыр. Мұндай тексерулер әсіресе күзгі қысқы мезгілдерді қажет.

Жыл басынан мұндай алыдын-алу шарасы екінші рет өткізілуде. Біріншісі қаңтар айында ұйымдастырылған. 9 ай ішінде солтүстікқазақстандық полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан 602 бұзушылық фактісін анықтаған.   

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«МАЛ ҰРЫСЫ» ОПЕРАЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:42, 23 қараша 2020
«МАЛ ҰРЫСЫ» ОПЕРАЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ГАРАЖ ҰРЛАП, МЕТАЛЛ ҚАБЫЛДАУ ПУНКТІНЕ ТАПСЫРҒАН
20:38, 19 қараша 2020
ГАРАЖ ҰРЛАП, МЕТАЛЛ ҚАБЫЛДАУ ПУНКТІНЕ ТАПСЫРҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...