ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

«АВТОБУС» ЖЕДЕЛ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

20:42, 21 қазан 2019

Облыстың тәртіп сақшылары «Автобус» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады.  Сегіз күн бойы полицейлер қоғамдық көліктердің жұмысын бақылауға алып, рейдтің соңғы күні жүргізушілермен кездесті.

Автобус жүргізушілері жұмыс күнінің соңында полицейлермен кездесті. Жергілікті полиция қызметі және әкімшілік полиция қызметкерлері көкейтесті проблемалар туралы жүргізушілердің өз ауыздарынан естуді жөн көрді. «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұйымдастырылған кездесу автобус парктарында өтті. Полиция қызметкерлерінің міндеті – жолаушылар тасымалын тәртіпке келтіру.

БОЛАТ РАҚЫМОВ,  «ПЕТРОПАВЛ-НОРД» ЖӘНЕ «ПАРТНЕР-АВТО» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Тәртіп сақшылары мен жүргізушілер арасындағы кездесуде қоғамдық көліктің жұмысы, қаладағы қозғалысты ұйымдастыру, аялдама бекеттерін қою секілді мәселелер талқыланды. Жүргізушілер полицияға сауалдарын қоюға мүмкіндік алды. Кейбіріне бірден жауаптар берілді. Енді бірінің мәселесі жазып алынды. Бұл кездесу жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға септігін тигізетін нәтижелі кездесу болды деп ойлаймын.

Петропавл жүргізушілері құлақтарына тыңдауыш таққан немесе жүргінші өтпесінен телефонмен сөйлесіп өтетін жүргіншілерге шағымдануда. Күнімен қоғамдық көліктің рөлінде отыратын жүргізушілер қалалықтардың мұндай жауапсыздығы апатқа себепші болуы мүмкін дейді. Сонымен қатар, күннің суытуынан аялдама маңына тоқтау оларға қиындық туғызады екен. Осыған орай, аялдамалардың алдындағы жолдарға үнемі құм немесе тұз шашып отыруды сұрайды.

АЗАМАТ ЖАМҰҚОВ, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:  

- Осындай кездесулер жол қозғалысына қатысушылардың өкпе-назын тыңдауға мүмкіндік береді. Бұл жолдағы қауіпсіздікті сақтау үшін жағдай жасайды. Бүгін көтерілген барлық мәселе бақылауға алынып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін назарға алынды.

 «Автобус» шарасы өткізілген 8 күн ішінде облыстың қоғамдық көлік жүргізушілері 1 мыңға жақын ереже бұзушылыққа жол берген.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...