ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТТІҢ ГЕРМАНИЯҒА САПАРЫ Толығырақ

БАЛАНЫ ҚАЙЫР СҰРАУҒА МӘЖБҮРЛЕУ - ҚЫЛМЫС

20:41, 5 қараша 2019

Петропавл қалалық полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері кәмелетке толмағандардың қайыр сұрау фактілерін анықтау мақсатында бірқатар рейд өткізді. Нәтижесі қандай? Облыстық полиция Департаменті баспасөз қызметі дайындаған бейнематериалға назар аударайық.

Рейдке полиция қызметкерлерінен басқа қала әкімдігінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиясының өкілі, прокурорлар және барлық мүдделі ведомстволардың өкілдері қатысты. Қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы Эльмира Абушеваның айтуынша, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлардың міндеті – қайыр сұрау себептері мен қайыршылық жағдайларын анықтап, оларды жоюға бағытталған. Жұмыс күндері өткізілген рейд қала көшелерінде кәмелетке толмаған петропавлдықтардың сирек кездесетінін көрсетті. Тексеріс жұмыстары Тайга, Пирамида, Рахмет, Алтын-Арман және ЦОТ сауда үйлері маңында өткізілді. Сонымен қатар, вокзал мен мешіт маңы да бақылауға алынды. Нәтижесінде қолдарында ыдыс ұстап қайыр тілеген төрт жасөспірім анықталды.

- Вы здесь с какой целью стоите, с ящичком? Что за ребенок? Документы какие-нибудь у вас имеются? – Да, есть. – Какие документы? – Сейчас покажу.

Полиция қызметкерлері олардың ата-аналарына хабарласып, содан кейін барлық балалар әлеуметтік мұғалімдер мен прокурордың қатысуымен сұралды. Кейін олардың қайырымдылық қорларлардың бірінде белсенді екендігі және ауыр науқас балалардың еміне ақша жинайтындығы белгілі болды. Барлық құжаттар мен тиісті келісім-шарттарды жасөспірімдер көрсетті.

ҚУАНДЫҚ ҚАНЖІГІТОВ,  ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПБ ЮВЕНАЛДЫ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: 

- Петропавл қаласының аумағында кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қайыр садақа сұраушыларды анықтау мақсатында іс-шаралар  өткізіліп жатыр.  Рейдтің мақсаты олардың қайыр сұрау себебін анықтау, олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Ересектердің жасөспірімдерді алаяқтыққа итермелеу деректері кездесіп жатады.

Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу жұмысы полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауына алынған. Жыл басынан бері қалалық ювеналды полиция қызметкерлері 120-дан астам рейд өткізді. Нәтижесінде ішкі істер органдарына 743 жасөспірім жеткізілді. Алдағы уақытта да кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың профилактикалық рейдтері жалғасады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
13:01, 3 желтоқсан 2019
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
17:55, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...