ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ Толығырақ

БАЗАРДА СПИРТ САТҚАН САУДАГЕР АНЫҚТАЛДЫ

17:19, 14 қаңтар 2021

Петропавлда учаскелік полиция инспекторлары қаладағы базарлардың бірінде 135 литр спиртті тәркіледі. Заңсыз алкогольді саудалау фактісі профилактикалық рейд барысында анықталды.

- Откройте, пожалуйста…Что у вас тут находится?..Опервидео по незаконному обороту спирта...

Петропавл қаласының 62 жастағы тұрғыны қатар-қатар орналасқан дүңгіршектердің арасында орналасқан көзге түспейтін шағын үйшіктен спирт саудалап келген. Бір литр алкогольдік сұйықтықтың бағасы – 1500 теңге. Ер адамның сөзінше, ол өзінің бұл әрекетімен заң бұзғанын білген. Десе де соңғы айларда саудасын тоқтатпай, жалғастыра берген.

…Вот – литровые пошли, литровые!..

Нәтижесінде бұл факті бойынша әкімшілік материал жиналды. Алкогольдік сұйықтық алынып, сараптамаға жіберілді. Жиналған материал шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі.

ЖАҚСЫЛЫҚ БАЙБОСЫНОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ № 4 УПП УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

- 1959 жылы туған азаматтың Петропавл қаласының тұрғындарына таза спирт сатып жүргені анықталды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463-бабы бойынша материал жиналды. Бұл баппен 15 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Қаңтар айының басынан облыс полицейлерімен заңсыз кәсіпкерлікпен айналысудың 8 фактісі анықталды. 250 литрден астам спирт тәркіленді. Ал ,өткен жылдың 12 айында Солтүстік Қазақстан облысы аумағында масаң күйде жасалған 853 қылмыс тіркелген. Заңсыз айналымнан 1242 литр спирт алынған. СҚО Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі хабарлағандай, қаңтар айының 14-нен облыс аумағында «Бұзушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Оның мақсаты – отбасылық-тұрмыстық саладағы, сондай-ақ масаң күйдегі жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.

 

Тақырып бойынша материалдар

«АВТОБУС» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
20:37, 25 қаңтар 2021
«АВТОБУС» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 21 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРСЫ
17:19, 21 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ...
Толығырақ...