ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫННЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҮЗЕЛЕДІ Толығырақ

БІР ҮЙЛІ ЖАНДЫ ҚҰТҚАРДЫ

20:50, 23 желтоқсан 2019

Айыртау ауданында патрульдік полицейлер балаларды өрттен аман алып қалды. Оқиға Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында болған. Полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалында.

Шамамен таңғы сағат 6:30-да «Көкшетау-Рузаевка» жолына қызмет көрсететін ППБ инспекторлары қызметтік автокөлікке жанармай құю үшін аудан орталығы Саумалкөл а. ЖҚС тоқтайды. Сол жерде үйлердің бірінің жанып жатқанын байқап қалады. 

ЕРЛАН ДАНКИН, СҚО ПД ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- Біз әріптесіміз екеуіміз «Көкшетау-Рузаевка» автожолында кезекшілікте едік, таңғы сағат 6 кезінде аудан орталығына Саумалкөл селосына жанармай құю станциясына жанармай құюға бара жатқанда жанармай құю станциясының қасында жанып жатқан үйді байқап қалдық. Содан соң сол үйге жақындап келгенде сол жанып жатқан үйдің терезесінен көмек сұраған дауыстарды естідік. Әріптесіміз екеуміз забордан секіріп, үйдің қасына барғанда  үйден шыға алмай жатқан әйелдердің және кішкентай балалардың дауыстарын естідік. Сосын сол уақытта тез ойланбай үйден үш кішкентай бала және екі үлкен әйел адамды құтқарып алып шықтық.

Үй ішінде екі әйел және кәмелетке толмаған төрт бала болған. 60 жастағы әйел дыбыстан оянады. Ол үйден шығып, жапсарлас тұрған үй-жайдың есігін ашқан кезде лаулаған жалын лап берген. Үйге жүгіріп кіріп, шырт ұйқыда жатқан туыстарын оятқан, бұл кезде шығатын есік отқа оранып, жалын ас үйге жеткен екен. Әйелдер терезеден көмекке келе жатқан полицейлерді көреді. Олар бір жасар және сегіз айлық қыздарды тәртіп сақшыларына тереззеден алып береді. Осыдан кейін түтінге оранған бөлменің ішіне Азамат Букуев кіріп, 7 және 17 жасар қыз баланы, үй иесі және оның 34 жастағы туысын сыртқа шығарады. Үйде ешкімнің қалмағанына көз жеткізген тәртіп сақшылары кезекші бөлімге өрт туралы хабарлап, өрт сөндірушілерді  және жедел жәрдемді шақырды. Дәрігерлер балаларды қарап болғаннан кейін, ППБ полицейлері тілсіз жаудан құтқарылғандарды туыстарына жеткізді.  

- А бабуля?.. Все, все вышли: бабуля, все живые! – Успокойтесь! – Все, все хорошо. Самое главное – дети! Все, не надо плакать, все хорошо! Вон – баба, все там, вон – мама!..

Қазіргі уақытта өрттен аман қалғандардың өміріне ешқандай қауіп жоқ, тілсіз жаудың шығу себептері анықталуда.

Тақырып бойынша материалдар

АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ МАС КҮЙДЕ ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАҒАН
20:45, 29 мамыр 2020
АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ МАС КҮЙДЕ ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар