ШҰҒЫЛ! «АМАНАТ» САЙЛАУДЫҢ АШЫҚ, ӘДІЛ ӨТУІН БАҚЫЛАЙДЫ Толығырақ

БИЫЛ ОБЛЫСТА СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІНІ ТАРАТУДЫҢ 79 ФАКТІСІ ТІРКЕЛДІ

17:53, 15 мамыр 2019

Облыста синтетикалық есірткі контрабандалау фактілері жыл санап артып келеді. Биыл  төрт ай ішінде  психотроптық белсенді заттарды жарнамалау мен таратудың 79 оқиғасы тіркелген. Және олардың үштен бірін шетелдік азаматтар жасаған. Заңсыз істердің алдын-алу мақсатында облыс полицейлері көршілес Ресей мемлекетімен бейнеконференцияға шығып,  қылмысқа қарсы күрес мәселесін талқылады. Толығырақ әріптесім тарқатсын.

Облыстың полиция департаменті Қорған және Омбы қалаларының ІІМБ бейнеконференция арқылы қылмысқа қарсы күрес мәселесін талқылады.Жиында қазіргі уақытта өзекті 3 мәселе көтерілді. Солардың бірі синтетикалық есірткілерді тасымалдау фактілері. Мәселен, 2017 жылы психобелсенді заттарды ғаламтор арқылы жарнамалап, тарататын 9 ресурс анықталса, 2018 жылы 108-ге дейін жеткен.  Биыл  4 айдың ішінде 79 заңсыз әрекет әшкереленді. Заң бұзғандардың үштен бірі - Ресей азаматтары екен.

ЖАНДОС БАСЫБАЕВ, СҚО ПД ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Мәселен өткен жылдың маусым айында Петропавлда сыған ұлтынының азаматы 4 келі 950грамм героинды шекара арқылы  Ресейге өткізбек болған жерінен ұсталды.Жалпы статистикаға назар аударатын болсақ, 2017 жылы 15 факті тіркелсе, оның 5-еуін, ал былтыр 13 оқиғаның 4-еуін шет мемлекет азаматы жасағаны анықталды. Ал ең алғаш мұндай заңсыз әрекеттер 2016 жылы тіркелді.

Жиында сондай-ақ  автокөлікті ұрлау мәселесі де көтерілді. Мамандардың айтуынша, көбіне  жаңа  көліктер қолды болады екен. Осы жылдың  4 айының ішінде 30 автокөлік криминалды деп танылған. Оның 27-сі арнайы тұрақта тұр. 

ПЕТР КЛИМОВ, СҚО КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Көбіне ұрылар көліктердің құлыптарын бұзып, дабыл қаққыштарын сөндінру арқылы қолды қылады. Осындай мәселелердің алдын алу үшін криминалды полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істейміз. Көбіне бейнебақылауы жоқ тұрақтардан ұрлайды. Қазір 27 көлік табылды. Сот шешімі бойынша қайтарылады, егер заңсыз, құжаттары тіптен болмаса арнайы аукциондар арқылы сатылымға шығарылады. Көлік ұрлағандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Сонымен қатар, биыл алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан 119 құқық бұзушылық анықталған.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

ІРІ КӨЛЕМДЕГІ ГЕРОИН САУДАСЫНЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ
17:57, 21 мамыр 2019
ІРІ КӨЛЕМДЕГІ ГЕРОИН САУДАСЫНЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
21:36, 17 мамыр 2019
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
14:40, 17 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
Толығырақ...